Павел Колмаков Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды
Ұлттық құрама спортшысы Павел Колмаков фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Параллель могул бағдарламасында Павел жартылай финалда финляндиялық атлет Сивери Виерелладан басым түсті. Ал финалда танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсбериге жол берді.
Бұл параллель могулда Павел мен Кингсбери арасындағы алғашқы текетірес емес. Былтыр Грузияда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында канадалық отандасымыздың жолын кескен.
Бүгін Микаэль Алматыға 2-рет алтыннан алқа тақты. Кеше ол жекелей сында қарсылас шақ келтірмеген.