Павлодардағы ауыз су бағасы тұрақты
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг кезінде Павлодардағы ауыз судың 1 литрі 700 теңгеден сатылып жатқандығы туралы ақпарат анықталды. Сауда комитеті төрағасының тапсырмасымен өңірдегі сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті мен кәсіпкерлік басқармасы шағын дүкендер мен үлкен сауда желілеріне жедел мониторинг жұмысын жүргізді.
Мониторинг қорытындысы бойынша облыста бөтелкедегі 1 литр су 183 теңгеден бастап, ал бөтелкедегі 5 литр су 345 теңгеден бастап сатылып жатқаны нақтыланды. Сондай-ақ облыста бөтелкедегі су жеткілікті мөлшерде бар.
Мамандар тарапынан сатушыларға бағаны тұрақты ұстау және негізсіз көтермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бағаны жосықсыз көтеру фактісіне тап болған жағдайда 109 біріңғай нөмеріне хабарласып, сауда орнының атауы мен мекен-жайын хабарлауға болады.
Сауда комитетінің баспасөз қызметі