Питер Фостер Airline Strategy Awards рәсімінде марапатталды
Air Astana әуекомпаниялар тобының бас атқарушы директоры Питер Фостер Лондонда өткен Airline Strategy Awards рәсімінде Airline Business Award сыйлығын алды. Бұл арнайы марапат авиакөлік бизнесін дамытуға елеулі стратегиялық үлес қосқан және мықты көшбасшылық көрсеткен сала басшыларына беріледі.
Фостердің басшылығымен Air Astana Еуразиядағы ірі әуекомпаниялар тобына дейін дамыды, әлемдік деңгейдегі қазақстандық брендке айналды және қарқынды өсіп келе жатқан өңірде авиацияның дамуына ықпал етті. Әуекомпания қауіпсіздіктің, сенімділік пен сервистің жоғары стандарттарын қолдай отырып, акционерлер үшін табыстылыққа қол жеткізді.