Ploom — Қазақстан нарығындағы жаңа өнім

Еліміздегі ауқымды инвесторлар тізіміндегі лайықты орын алатын әрі ең ірі салық төлеуші компаниялардың бірі JTI компаниясы Алматыда Ploom жаңа инновациялық құрылғысын таныстырды.

Ерекше дизайн, жоғары қуатты әрі қауіпсіз технологиямен жасап шығарылған құрылғы өз қолданушысына жайлылық пен ыңғайлылық сыйлайтыны сөзсіз.

Ploom — озық технология мен талғампаз дизайнның таңғажайып үйлесімі. Ықшамды құрылғы заманауи пайдаланушылардың бар талаптары мен сұранысына сәйкес жасалған.

JTI компаниясының менеджері Сергей Крылов:

«Жаңа құрылғыдағы инновация ол қыздыру элементімен жанаспайтын стик. Яғни жану процесі болмағандықтан артық жағымсыз иіс сезілмейді, сәйкесінше жиі тазалауды қажет етпейді. Себебі, құрылғыдан артық күл мен қоқыс шықпайды. Бүгінде біз тұтынушыларға 6 дәмді ұсындық. Оның ішінде классикалық және бірнеше капсуладағы хош иісті дәмдер бар»    

Жаңа өнімді таныстыру кешінде жиылған қонақтардың назарына арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұсынылып, әнщі Jah Khalib өнер көрсетті.

Ал ерекше жасалған инсталляция көпшілікке Ассоль атымен таныс белгілі суретші Әсел Сабыржанқызының шығармашылық аймағы болғанымен кеш қонақтары қылқалам көмегімен жаңа құрылғының панельдерінің дизайнына өзіндік әсер қоса алды.

JTI Kazakhstan компаниясының бренд менеджері Айдана Есенғұлова:

«Ploom тек инновациялық технологияларға толы әрі шығармашылыққа да арналған құрылғы. Сол себептен де суретші Ассоль біздің өнімге Алматы қаласы және құрылғымыздың технологиялық өндірісіне байланысты бірнеше дизайн әзірледі. Ал Instagram парақшасына жазылу және жасыңызды растау арқылы (кемінде 21 жаста) кез келген жан үшін Алматының көрінісін, Қазақстанның әдемі өрнектерін және Ploom ғаламын көрсететін жекелендірілген панель қолжетімді»

JTI компаниясы соңғы бес жылда бюджетке 530 миллиард теңгеден астам салық төлемдерін аударды. Сонымен қатар, корпорация 2020-2024 жылдар аралығында қазақстандық зауытты қайта жарақтандыруға шамамен 80 миллион АҚШ долларын инвестициялауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қаражаттың жартысы бөлінгені белгілі. Осыған байланысты JTI өндіріс көлемі шамамен 20%-ға өседі және жаңа жұмыс орындарының саны да осы қарқынмен артады деген болжам бар.