Полина Омельчук Қазақстанға қола медаль сыйлады
Полина Омельчук Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол 1000 метрге жарыста қытайлық атлеттер Ли Жинзи (1:40.803) және Янг Жингрудан (1:40.996) кейін мәреге жетіп, үштікті түйіндеді. Оның уақыт көрсетікіші – 1:41:600.
Қазір Қазақстан делегациясының қоржынында 2 медаль бар. Кеше шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных чемпион атанған.
Шорт-трек – Қазақстан қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында жүлде алған спорттың 5-түрі. Осыған дейін биатлон, шаңғымен жарыс, мәнерлеп сырғанау мен шаңғымен тұғырдан секіруде атлеттеріміз тұғыр сатысына көтерілген.
Бір қызығы, шорт-тректен Анита Нагай 2016 жылы Лиллехаммердегі ойындарда қола жүлде жеңіп алған. Алайда бұл медаль жалпы есепке қосылмайды. Себебі, ол Халықаралық Олимпиада комитетің командасы сапында Карлис Крусбергс (Латвия), Катрин Манойлова (Болгария) және Казуки Йошинагамен (Жапония) бірлесіп жүлдеге қол жеткізген.