Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

19 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапары аясында Астана қаласындағы Orbis Kazakhstan тобына кіретін Orbis Heavy Machinery зауытына барып қайтты. Бұл зауыт холдингтің ел ішіндегі арнайы техника өндіруге бағытталған ірі жобасы.

Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудовтың айтуынша, зауыттағы өндіріс 2022 жылдың екінші тоқсанында іске қосылған. Кәсіпорында: дәнекерлеу, бояу және автокөлік кабиналарын құрастыру процестерін құрайтын толық шағын торапты құрастыру (CKD) технологиясы қолданылады. Сонымен қатар коммерциялық көліктерге арналған қосымша жабдықтарды өндіру де жергіліктендірілген. 240 жұмыс орны қарастырылған.

Orbis Heavy Machinery зауыты оңтүстіккореялық KIA Corporation компаниясымен жасалған келісім аясында KIA маркалы коммерциялық көліктердің лицензиялық өндірісін жүзеге асырады. 2022 жылы іске қосылған сәттен бастап зауытта дизельді, газды және газ-бензинді қозғалтқыштармен жабдықталған жүк көліктері өндіріледі. Компания ұлттық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген және қолданыстағы индустриялық сертификатқа ие. Зауытпеннен іске қосылған сәттен бастап мемлекеттік бюджетке 1 млрд теңгеден астам салық және өзге де міндетті төлемдер жасалынды.

«Жобаға назар аударғандарыңызға және көрсеткен қолдауларыңыз үшін алғыс білдіреміз. Астанадағы Orbis Heavy Machinery зауыты – еліміздің машина жасау секторы мен өнеркәсіптік инфрақұрылымының дамуына елеулі үлес қосатын нысан, – деді Orbis Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фаррух Махмудов. – Бұл өндірістік кешен коммерциялық техниканың жергілікті өндірісін жолға қоюға, жұмыс орындарын ашуға, экспорттық әлеуетті арттыруға және заманауи технологияларды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – Қазақстанның өнеркәсіптік тұрақтылығы мен экономикалық дербестігін нығайтуға Orbis тобының қосқан үлесі. Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы нақты нәтижелерге қол жеткізуге және ұзақ мерзімді өсуге берік негіз қалауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз»

Telegram-канал: Президент Orbis Heavy Machinery арнайы және коммерциялық техника зауытына барды

Компания өндірістік қуаттылықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруда. Атап айтқанда, өнім түрлерін көбейту және өндірісті жергіліктендіру мақсатында Астанадағы алаңда өзге халықаралық брендтермен коммерциялық, арнайы және ауыл шаруашылық техникасын шығару бойынша келіссөздер жүргізілуде. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігімен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасу көзделіп отыр. Құрылыс жұмыстарының екінші кезеңі өндірістік алаңды кеңейтуді және қосымша 200 жұмыс орнын ашуды қамтиды. Бұл кеңейту зауыттың экспортқа бағытталған өнім көлемін 90%-ға дейін жеткізуге және экспорттық әлеуетті арттыру жөніндегі мемлекеттік стратегияны жүзеге асыруға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.

Президент еңбек ұжымына табыс тілеп, KIA Bongo автокөлігінің шанағына естелік қолжазба қалдырды.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі