Президент жолдауы — қоғам дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы — елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы маңызды құжаттардың бірі. Бұл Жолдау Қазақстанның алдына қойған стратегиялық мақсаттары мен болашақтағы даму жоспарларын айқындап, халықтың әл-ауқатын жақсарту және әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған нақты реформалар ұсынды. Әр жыл сайынғы Президенттің Жолдауы елдегі басты басымдықтарды белгілеп, мемлекет пен қоғамның дамуындағы жаңа кезеңдерге бағыт береді. 2024 жылғы Жолдаудың негізгі тақырыптары экономикалық әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілік, саяси реформалар және экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қамтыды. Бұл құжат Қазақстанның тұрақты дамуы мен жаңа сын-қатерлерге дайындық қажеттілігін көрсетеді. 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі болып жатқан жағдайларға байланысты негізгі мәселелерді ұсынды. Бұл Жолдауда елдің саяси, экономикалық, және әлеуметтік дамуының маңызды бағыттары айқындалды. Мемлекет басшысы қазіргі заманның сын-қатерлеріне бейімделу мен тұрақты даму жолдарын ерекше атап өтіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін нақты шараларды белгіледі. Жолдаудың жүзеге асырылуы Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға да ықпал ететіні сөзсіз.
Президентіміз кезекті Жолдауында елімізде болып жатқан ауқымды мәселелерді негіге ала отырып және осы мәселелерді оңтайлы шешу үшін бірнеше негізгі бөлімдерге бөліп қарастырды.
1. Экономикалық саясат
Президент экономикалық әртараптандырудың қажеттілігін және ұлттық экономиканы жаңа сатыға көтеру бағытындағы бастамаларды баса айтты. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орнын нығайту үшін маңызды қадамдар ретінде:
— Тікелей инвестицияларды тарту;
— Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру;
— Жеке кәсіпкерлікті қолдау мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, бағаны әкімшілік реттеуден біртіндеп бас тарту қажеттігі айтылып, инфляцияны төмендетуге бағытталған шаралар қабылданатыны айтылды.
2. Әлеуметтік саланы дамыту
Жолдауда әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру негізгі бағыттардың бірі ретінде көрсетілді. Президент:
— Білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жаңғырту;
— Тұрғын үй мәселелерін шешу;
— Әлеуметтік қолдау жүйесін жақсарту жөнінде бастамалар көтерді.
Ұлттық байлықты әділ бөлу және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері де маңызды орын алды.
3. Саяси реформалар
Саяси реформаларға келсек, Тоқаев саяси жүйені жаңғырту және елдегі басқару механизмдерін жетілдіру мәселелеріне тоқталды. Ол қоғамдағы құқықтар мен бостандықтарды нығайту үшін демократиялық процестерді тереңдету қажеттігін айтты.
4. Жасыл экономика және экология
Президент экологиялық мәселелерге де назар аударды. Қазақстанның жасыл экономикаға өтуі және экологиялық қауіпсіздік мәселелері маңызды басымдықтардың бірі болып қалатынын атап өтті. Қазақстан халқына 2024 жылғы Жолдау «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» тақырыбында өтті. Жолдауда елдің құқықтық жүйесін жетілдіру, экономикалық өсімді арттыру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері басты назарға алынды. Мемлекет басшысы Парламенттің өткен сессиясында 102 заңның қабылданғанын, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес, балаларды қорғау және қоғамдық бақылау салаларындағы заңдардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, балалардың құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты қылмыстарды болдырмау мақсатында қабылданған заңдардың халықтың өмір сапасын жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Экономикалық бағытта инфляцияның баяулағаны, халықаралық резервтердің артуы және өңдеу өнеркәсібінің дамуы туралы мәлімет берілді. Жолдаудың негізгі мақсаты — экономикалық әртараптандыру арқылы халықтың табысын арттыру және әлеуметтік теңсіздікті азайту болды. Бұл Жолдау еліміздің бейбіт дамуын сақтап қалу және қоғамдағы әділеттілікті орнату бағытында жаңа мақсаттар қойды.
Президентіміз 2024 жылғы Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі 9 бағыт елдің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерін кешенді түрде шешу үшін құрылды. Оларға:
1. Ақша — несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою;
2. Инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы жұмыс;
3. Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан — жақты шаралар қабылдау;
4. Инфрақұрылымға қатысты негізгі мәселелерді шешу;
5. Кадрлық әлеуетті арттыру;
6. Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды жүзеге асыру;
7. Экологиялық мәселені жақсарту;
8. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру;
9. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын орнықтыру болды.
1)Жолдауындағы алғашқы бағыт ақша-несие және фискалды саясат арасындағы үйлесімділікті қалпына келтіруге арналды. Президент нақты сектордың қаржыландырылуы әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Шағын және орта бизнесті қолдауға назар аударылып, банк жүйесіндегі проблемаларға тоқталды. Мемлекет басшысы банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажеттігін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, Президент банктердің акционерлеріне әділ салық салу және оларды мемлекет көрсеткен көмектің негізінде қайта қарау керектігі туралы мәлімдеді. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету, банк жүйесін модернизациялау, экономикалық белсенділікті қолдау мен финтех саласын дамыту мәселелері де көтерілді. Сонымен қатар, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауы туралы айтылып, мемлекет қаржысын тиімді пайдалану, бюджеттік шығындарды бақылау қажеттілігі туралы маңызды ұсыныстар жасалды.
2) Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мемлекет тұрақты жұмыс жүргізуі қажет. Инвестиция тарту үшін Үкіметке ауқымды құзырет беріліп, баса назар стратегиялық салаларға, мысалы, металды терең өңдеу мен туризмге аударылуы тиіс. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын сапалы әзірлеу, халықаралық қаржы институттарын тарту қажет. Мемлекеттік кәсіпорындардың тиімді басқарылуын қамтамасыз ету үшін заңнаманы жетілдіру, әкімдер мен министрлердің жауапкершілігін арттыру қажет. Инвесторларға жеңілдіктер ұсынып, мемлекеттік органдардың бақылауын жеңілдету қажет. Агроөнеркәсіп секторында қаржыны оңтайландыру, мемлекеттік субсидияларды тиімді пайдалану, және жер мәселелерін шешу маңызды. Ауыл тұрғындарын ынталандыру, ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа инфрақұрылым мен оқыту орталықтары қажет.
Жалпы, бизнесті және инвесторларды қолдау – мемлекеттік органдардың басты міндеті. Заңды түрде жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен инвесторларға қолдау көрсету маңызды, ал заң бұзушылар жауапкершілікке тартылуы тиіс.
3) Еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдау қажет. Үкімет 17 ірі жобаны анықтап, терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық беруде. Шикізат пен құрал-жабдықтарды барынша пайдаланып, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды.
«Qarmet» металлургия комбинаты — Қазақстандағы жетекші металлургиялық кәсіпорындардың бірі. Комбинат темір, болат және басқа да металл өнімдерін өндірумен айналысады. Оның негізгі қызметі өнеркәсіптік және құрылыс салаларына қажетті металл өнімдерін қамтамасыз ету болып табылады. Қарағанды облысындағы «Qarmet» металлургия комбинаты мен Саран қаласындағы жаңа өндірістер моноқалаларды дамытуға үлес қосуда. Алатау қаласы инновациялық орталық ретінде дамуы тиіс.
Автокөлік өнеркәсібін дамыту, мұнай-газ-химия секторын одан әрі нығайту маңызды. Газ тасымалдау жүйесін жаңғырту, газ кеніштерін игеру, Жаңаөзен, Қашаған, және Қарашығанақта газ өңдеу кәсіпорындарын салу қажеттілігі атап өтілді. Инвестицияларды тарту және тиімді тарифтер белгілеу арқылы газ өндіруді арттыру керек.
4) Мемлекет инфрақұрылымды дамытуда энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа ерекше назар аударуды жоспарлап отыр. Энергия өндіруге арналған несие шарттарын жеңілдету, тариф саясатын тұрақтандыру, және энергетиканы жаңғырту бойынша ұлттық жобаны бекіту қажет. Атом энергетикасын дамытуға да баса назар аударылып, қоғаммен ашық диалог жүргізу ұсынылады.
Көлік-логистика секторын дамыту стратегиялық маңызды, сондықтан теміржол және автожол инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция салу керек. Жолдардың сапасы мен цифрландыруды арттыру, қоғамдық бақылауды күшейту ұсынылды. Көлік логистика секторының стратегиясы — бұл тауарларды тиімді, қауіпсіз және уақтылы жеткізу үшін қажетті шаралар мен жоспарларды қамтитын кешенді жүйе. Бұл стратегиялардың негізгі мақсаты — логистикалық процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету. Тиімді логистикалық стратегиялар компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Су шаруашылығында да ирригация жүйелерін жақсарту, су үнемдеу технологияларын енгізу, және тариф саясатын реттеу қажеттігі атап өтілді. Су шаруашылығындағы ирригация жүйесі — ауыл шаруашылығында өсімдіктерді суаруға арналған технологиялық және ұйымдастырушылық шаралардың жиынтығы. Ирригация жүйесі ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру, жерлердің құнарлылығын сақтау және климаттық жағдайларға байланысты су тапшылығын жеңілдету үшін маңызды.
Қазақстанда ирригация жүйесі ауыл шаруашылығының маңызды бөлігін құрайды, әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда. Елде суармалы жерлерді тиімді пайдалану, заманауи технологияларды енгізу және су ресурстарын сақтау мәселелері басты назарда. Суармалы егіншілікті дамыту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Бұл шаралар ауыл шаруашылығына инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
5) Еліміздің кадрлық әлеуетін арттыру маңызды мәселе ретінде көтерілді. Экономика салаларында мамандардың жетіспеушілігі байқалуда, сондықтан су, энергетика, құрылыс сияқты салаларда кадр тапшылығын жою қажет. Үкімет шетелдік және отандық оқу орындарын қолдап, сұранысқа ие мамандықтарға гранттар санын арттыруда. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және кәсіби білім беру саласын реформалау қажеттілігі атап өтілді. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, еңбек адамының мәртебесін көтеру шаралары қолға алынбақ. Орта білім беру жүйесі де маңызды рөл атқарады, әсіресе «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер салынып, күрделі жөндеу жүргізіледі.
6) Ұлт саулығын нығайту және халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіліп, денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар тартылды. Алайда, жүйеде кемшіліктер бар, науқастарға қызмет көрсету қиындықтары туындап отыр. Осыған байланысты, бірыңғай медициналық көмек топтамасын әзірлеу және цифрландыруды күшейту ұсынылды. Денсаулық сақтау мен білім беру саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін жетілдіру қажет.
Медицина саласындағы кадр тапшылығын шешу үшін білім сапасын арттыру маңызды. Сонымен қатар, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік тұрғыдан осал азаматтарды қолдау шаралары қолға алынды. Әлеуметтік көмектер нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуы үшін «Әлеуметтік әмиян» жобасы іске асырылмақ.
7) Экологиялық ахуалды жақсарту маңызды міндет ретінде қарастырылып отыр. Қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мәнін түсіндіру және халықты экологиялық зияннан қорғау керек. Бизнес өкілдері табиғатқа жауапкершілікпен қарап, озық технологияларды енгізу қажет. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау, орман алқаптарын көбейту және жануарлар әлемін қорғау басты назарда. Орман-тоғайларды көбейту мен көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы халықты жұмылдырып, табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Экологиялық ахуалды жақсарту – негізгі міндеттердің бірі. Қоршаған ортаны қорғауды насихаттау және экологиялық факторлардың әсерінен халықты сақтау қажет. Бизнес табиғат қорғауға жауапкершілікпен қарауы тиіс. Орман алқаптарын көбейту, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау өзекті мәселе болып қала береді. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы үлкен қолдау тауып, қоғамда жаңа экологиялық мәдениет қалыптастыруда. Бұл жұмыс тоқтап қалмай, жалғасуы тиіс, ал әкімдер бұл істі дұрыс үйлестіріп, халықты жұмылдыруы керек.
8) Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру қажет. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгертіп, мемлекеттік қызметшілерді жауапкершілікті, ашықтықты және тиімділікті ұстануға бағыттады.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы — Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама. Бұл тұжырымдаманың негізгі мақсаты — халықпен диалогты нығайту, азаматтардың пікірлерін ескере отырып, мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру. Ауыл, аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау жүйесі енгізіліп, халықтың таңдаған әкімдер құрамы жаңартылды. Бұл саяси реформалар процесі бір реттік емес, үздіксіз жүргізіледі. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және моральдық қасиеттерін ескеру маңызды, ал кадрлық мәселелер автоматтандырылуы тиіс. Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру қажеттігі атап өтілді. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы арқасында билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынас жақсарды. Мемлекеттік қызметшілер халықпен ашық және тиімді жұмыс істеуге бейімделді. Әкімдерді тікелей сайлау жүйесі енгізіліп, бұл үрдіс 2021 жылдан бері ауыл әкімдерінен басталып, аудан және қала әкімдеріне дейін жалғасты. Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кадр саясатын автоматтандыру маңызды міндет болып отыр.
9) Бұл бөлімде заң мен тәртіп үстемдігі қоғамның әділдік пен қауіпсіздікке деген сұранысын қанағаттандырудың негізгі шарты ретінде қарастырылған. Елдегі алаяқтық әрекеттердің артуы цифрлық сауаттылық пен қаржылық білімнің маңыздылығын көрсетеді. Осы орайда «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырылып, халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған.
«Қарызсыз қоғам» жобасы — қаржылық сауаттылықты арттыру, адамдардың қарызға тәуелділігін азайту және жеке қаржыларын тиімді басқаруға бағытталған бастама. Бұл жоба қоғамдағы экономикалық тұрақтылықты нығайту, азаматтардың қаржылық жағдайын жақсарту және әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Негізгі мақсаттары:
1. Қаржылық сауаттылықты арттыру: Адамдарға қаржы басқару, инвестициялау және жинақтау туралы білім беру.
2. Қарызға тәуелділікті азайту: Қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарды қолдау, қарыз алу қажеттілігін төмендету.
3. Тұрақты экономикалық даму: Халықтың қаржылық жағдайының жақсаруы арқылы экономиканың жалпы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Әлеуметтік қолдау: Қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарға консультациялық және практикалық көмек көрсету.
Жобаның құрамдас бөліктері:
— Білім беру бағдарламалары: Семинарлар, тренингтер және онлайн курстар арқылы қаржылық білімді арттыру.
— Консультациялық қызметтер: Қаржы мәселелері бойынша кәсіби кеңес беру.
— Жинақтау мәдениетін насихаттау: Халық арасында жинақтау мен инвестициялаудың маңыздылығын түсіндіру.
— Қоғамдық науқандар: Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық науқандар ұйымдастыру болып табылады.
Құқық қорғау органдарының міндеті – заң бұзушылықтармен күресіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жол-көлік оқиғалары, есірткі мәселесі, экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы шаралар қабылдануы тиіс. Қоғамның қауіпсіздігі – мемлекеттің басты мақсаты, бұл үшін құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдар қатаң тәртіп пен кәсібилікті сақтау қажет.
Бұған қоса, Қазақстанның ішкі тұрақтылығын сақтай отырып, сыртқы саясатта бейбіт және теңгерімді бағыт ұстануды жалғастыру маңызды. Халықаралық аренада ұлттық мүдделерді қорғау, инвестициялар тарту және халықаралық қауіпсіздікке үлес қосу мәселелері айтылды.
▎ Қорытынды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы — еліміздің даму стратегиясының негізін қалаушы құжат. Жолдауда айтылған негізгі бағыттар мен мақсаттар Қазақстанның болашағын айқындап, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған.
1. Экономикалық даму:
— Инвестициялар тарту: Шетелдік және отандық инвесторларды тарту үшін қолайлы бизнес орта қалыптастыру.
— Цифрландыру: Цифрлық технологияларды енгізу арқылы бизнес процестерді тиімді басқару, электронды коммерцияны дамыту.
— Аграрлық сектор: Ауыл шаруашылығын модернизациялау, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, экологиялық таза өнімдерді өндіру.
2. Әлеуметтік саясат:
— Білім беру: Білім сапасын арттыру, STEM (ғылым, технология, инженерия, математика) білімін дамыту, кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру.
— Денсаулық сақтау: Медицина қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық медицинаны дамыту, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту.
— Тұрғын үй мәселесі: Тұрғын үй құрылысын ынталандыру, жастарға арналған тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру.
3. Саяси реформалар:
— Демократиялық институттарды нығайту: Сайлау заңнамасын жетілдіру, саяси партиялардың рөлін арттыру.
— Азаматтық қоғам: ҮЕҰ-мен ынтымақтастықты күшейту, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету.
4. Экология және тұрақты даму:
— Жасыл экономика: Энергияның жаңартылатын көздерін дамыту, экологиялық таза технологияларды енгізу.
— Климаттық өзгерістерге қарсы шаралар: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану.
5. Халықаралық қатынастар:
— Сыртқы саясат: Қазақстанның халықаралық аренадағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі рөлін күшейту.
— Сауда-экономикалық байланыстар: Халықаралық нарықтарға шығу, сауда қатынастарын кеңейту.
Президентіміз Қасым — Жомарт Тоқаев Жолдауды жүзеге асыру негізінде:
“Құрметті отандастар!
Қазір әлемде қандай түбегейлі өзгерістер болып жатқанын білесіздер. Экономикалық, саяси, климаттық және басқа да жаһандық, аймақтық ауқымдағы қауіп-қатерлер аз емес. Осындай жағдайда күнделікті шаруамен қатар стратегиялық маңызы бар көптеген мәселені шешуімізге тура келеді. Әрине, бір мезетте барлығына бірдей ресурсымыз жетпейтіні анық.
Ешкім де бәрін табан астында өзгерте алмайды. Жылдар бойы шешімін таппай келген мәселелер бар. Біз ештеңені жасырмай, бәрін бүкпесіз ашық айтамыз. Қаншалықты күрделі болса да, барлық мәселені жүйелі әрі батыл түрде шешіп келеміз.
Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті.
Үкімет мүшелері, әкімдер, депутаттар және барша қоғам өкілдері әрдайым отаншылдық идеясына адал болуға тиіс. Әр іс елге деген жанашырлық ниетпен жасалуы керек. Әрбір қадамымыз елге пайдасын тигізуі қажет. Біз еліміздің байлығын үнемдеп пайдалансақ, табанды еңбек етсек, салық төлесек, өз өнімдерімізді сатып алатын болсақ, түрлі жобаларға инвестиция салсақ, мемлекетіміздің қуатын арттыра түсеміз. Демек Отанымызға да, отбасымызға да пайдамыз тиеді деген сөз.
Біз қиындықтарға мойымай, барлық мәселені біртіндеп, байыппен шешуіміз керек. Мұның бәрі халықтың тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, қазіргі бұлыңғыр замандағы еліміздің тағдырына да тікелей әсер етеді.
Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет.
Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады.
Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет.
Мен Мемлекет басшысы ретінде осы міндетті орындауға бар күш-жігерімді саламын. Сіздер де ортақ мақсатқа жету үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін.
Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өркендей берсін!
Халқымыз аман болсын!” деп өзінің халыққа жолдауының нақты орындалуына, алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, халқымыздың әл ауқатын нығайтып, еліміздің бұдан әрі өсіп өнуіне деген сенімін білдірді.
Президенттің жолдауы — бұл тек стратегиялық құжат емес, ол қоғамның дамуындағы жаңа кезеңнің бастамасы. Жолдаудағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстан заманауи сын-қатерлерге жауап беруге, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ел халқымен бірге атқарылатын жұмыстар нәтижесінде Қазақстанның жарқын болашағына қол жеткізу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.
Еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосып, жолдауда көрсетілген мақсаттарға жету үшін бірігіп жұмыс істеуі — біздің ортақ міндетіміз. Тек осындай ынтымақтастық арқылы ғана біз еліміздің дамуында жаңа белестерді бағындыра аламыз.
Досумбекова Мейрманкул Тілешқызы,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, заң факультетінің қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының оқытушысы
Эрим Ербол,
Тоқтаев Елнур,
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультетінің 3 курс студенттері