Психологтардың қатысуымен инклюзия тақырыбына арналған семинар өтті

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-де Алматы қаласының ЖОО мен колледждерінен келген 50-ге жуық психологтың қатысуымен инклюзия тақырыбына арналған семинар өтті.
Бұл кездесу психикалық денсаулықты сақтау және инклюзивті, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру жолдарын талқылауға арналған маңызды алаң болды.

🎤 Спикер — Майя Меркулова, клиникалық психолог, нейропсихолог, аддиктолог.
Ол ерекше білім беру қажеттіліктері бар жастармен тиімді жұмыс істеудің келесі тәсілдерімен бөлісті.

✨ арт-терапия
✨ әлеуметтік-коммуникативтік тренингтер
✨ жеке және топтық сабақтар

Мұндай кездесулер кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, әр адамға қолайлы қоғам құруға бір қадам жақындатады.