Qazaq Queens Chess Fest 2025: Шахмат әлемін өзгертіп жатқан әйелдер

7 наурызда Алматы қаласы әйелдер арасындағы шахмат турнирі – Qazaq Queens Chess Fest 2025 өтетін орынға айналады. Бұл турнир жай ғана спорттық жарыс емес, бұл интеллект, стратегия және өнер үйлесім табатын нағыз мереке.
Бүгінде шахмат әлеміндегі әйелдер – жай ғана қатысушылар емес, олар осы спорт түрін ілгерілетіп жатқан негізгі тұлғалар. Қазақстан құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, ал команданың лидері, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мыңдаған жас шахматшы қыз үшін табыс пен шабыттың символы.
«Бүгінде Қазақстанның әйелдер қауымы еліміздің тарихында бұрын-соңды болмағандай шахматта тамаша нәтиже көрсетуде. Біз нәзік жанды шахматшыларымыздың шеберлігі мен кәсіби деңгейінің жылдан жылға өсіп жатқанының куәсі болып отырмыз. Жеңістен-жеңіске жетіп жатқан олар Қазақстан үшін әлемдік шахмат Олимпіне жаңа жол салып жатыр. Мұның өзі бізді осынау тамаша шахматшыларымызға қолдау көрсетуге көбірек күш-жігер салуға шабыттандырады. Қазақстан шахмат федерациясы әйелдердің шахматқа бұдан да кеңірек ауқымда қатысуы үшін дәйекті түрде жағдай жасай бермек. Біз оларға қамқорлық жасап, мансап құруына жаңа мүмкіндіктер ашудан ешқашан жалықпаймыз», – деп атап өтті Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов.
Чемпион ханымдар дүниеге келетін турнир
- Формат: швейцариялық жүйе бойынша 9 тур, 3+2 уақыт бақылау нұсқасы.
- Қатысушылар: барлық жастағы және рейтингтегі шахматшы ханымдар
- Жүлде қоры: 2 миллион теңге (шамамен 4 000 АҚШ доллары)
- Бас жүлде:
- 500 000 теңге – жеңімпазға
- 400 000 теңге – екінші орын үшін
- 300 000 теңге – үшінші орын үшін
- 100 000 теңге – жас санаттары бойынша және ардагерлер арасындағы үздіктерге
Сөйлейтін өнер
Турнир шеңберінде қазақстандық суретші Айтуар Әмірханова картиналарының көрмесі өтеді, өз шығармашылығында ол әйелдердің тәжірибесінен, өзін-өзі көрсетуден және әлеуметтік тосқауылды жеңуден шабыт алады. Оның туындылары – бейнелер, рәміздер және түстер арқылы жеткізілген Қазақстан әйелдерінің үні.
Турнирдің арнайы қонағы ретінде өзінің үлгісімен әйелдерді бойындағы әлеуетін ашуға ынталандыратын Mrs. Supermodel Worldwide 2019 атағының иегері, тележүргізуші және қоғам қайраткері Инесса Назарова шақырылды.
Қазақстан және әлем: әйелдер шахматы жаһандық қозғалысы
Qazaq Queens Chess Fest 2025 – дүниежүзілік шахмат қозғалысының бір бөлігі. Дәл осы күндері әйелдер арасындағы турнирлер Польша, Франция, Кения мен Угандада өтеді. Вроцлав IV Memoriał Apolonii Litwińskiej турнирін, Сен-Тропе – бір мезгілдегі ойын сеансын өткізеді, ал Найроби емн Кампалада Африканың ең мықты шахматшы әйелдері бас қосады. Қазақстан дәстүр, кәсіпқойлық пен жаңа жеңіске жетуге ұмтылыс тоғысқан әйелдер шахматының маңызды орталығына айналып отыр.