Рас-Әл-Хайма мен Фуджейра бірінші рет эмират араралық бағытын іске қосты

Рас-әл-Хайма туризмді дамыту департаменті (RAKTDA) және Fujairah Adventures ұйымы Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) алғашқы эмират аралық жаяу серуен бағытын іске қосты. Жоба Фуджейрада өткен халықаралық конференция барысында ұсынылды. Шараға Фуджейра мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бин Хамад бин Мұхаммед Әл Шарки қатысты.

Екі әмірліктің ынтымақтастығы Хаджар тауларының биік шыңдары мен тарихи жолдары арқылы өтетін жаңа туристік маршрут құруды көздейді. Бұл бағыт экологиялық туризмді дамытуға, табиғи байлықты сақтауға және жергілікті қауымдастықтарды қолдауға бағытталған.

Иад Расбей: “Рас-эль-Хайма Қазақстандық туристер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады”

Жаңа бағыт – жаңа мүмкіндіктер

RAKTDA және Fujairah Adventures жаңа жоба аясында табиғи пейзаждарға бай солтүстік аймақтарды біріктіріп отыр. Туристерге тау жоталары, шөл далалар мен жағалау белдеулерін тамашалау мүмкіндігі ұсынылады.

Рас-әл-Хаймада Jebel Jais шыңы – елдегі ең биік нүкте – ерекше туристік нысандармен танымал: әлемдегі ең ұзын zipline — Jais Flight, Jais Sledder тобоганы, Bear Grylls Explorers Camp лагері мен 97 шақырымға созылған жаяу серуен маршруттары. Ал Jebel Jais Rim Trail бағыты — ерекше панорамалық көріністер мен тарихи ауылдарды қамтитын 40 км-лік айналма жол.

Фуджейрада Fujairah Adventure Park пен ежелгі Altaybbah Historic Route, сондай-ақ “Жеті шың” бағыты ерекше танымал. Сонымен қатар, Wadi Al Dahir және Wadi Al Abadilah бағыттары сарқырама, шипалы су көздері мен каньондар арқылы өтеді.

Marjan Island-дағы жұмақ мекен: DoubleTree by Hilton Resort & Spa Ras Al Khaimah шынайы әсерлер мен жанға жайлы демалыс

RAKTDA коммерциялық директоры Брент Андерсон:

«Бұл әріптестік — туризм индустриясын жаңа деңгейге көтеретін қадам. Біз табиғат пен мәдениетті біріктіре отырып, туристерге бірегей тәжірибе ұсынамыз»

Fujairah Adventures орталығының басшысы Амр Зейн Эддин:

«Бұл жоба — жаһандық аренада Әмірліктердің белсенді туризм хабына айналуы үшін стратегиялық мүмкіндік. Біз өзара тәжірибе алмаса отырып, сапалы және біртұтас туристік инфрақұрылым құруды көздейміз»

Рас-әл-Хаймада алғаш рет Rove Hotels желісі таныстырылды

Болашағы зор сегмент

Приключение туризмі 2022 жылдан бері тұрақты өсім көрсетуде. Сарапшылар бұл нарық 2030 жылға дейін жылына 10–15% өсіп, Таяу Шығыстағы жалпы туризм кірісінің 35%-ына дейін жетуі мүмкін деп болжап отыр. Жаңа жоба бұл үрдіске қосымша серпін беріп, Әмірліктерді халықаралық деңгейде тартымды туристік бағытқа айналдыруды көздейді.

Рас-әл-Хайма туризмді дамыту департаменті (RAKTDA) 2011 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты — әмірлікті туристік және іскерлік орталық ретінде халықаралық деңгейде таныту, инвестициялар тарту және жергілікті халықтың өмір сапасын арттыру.