Рас-эль-Хайма мен Huawei туризм саласында ынтымақтастықты кеңейтеді

Arabian Travel Market 2025 халықаралық көрмесі аясында Рас-эль-Хайма эмиратының Туризмді дамыту департаменті (RAKTDA) мен Huawei компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісім туризм саласына инновациялық технологияларды енгізіп, эмираттың Қытай мен жаһандық нарықтағы танымалдылығын арттыруды көздейді.

Меморандум аясында Huawei компаниясы туристерге арналған қызмет сапасын арттыратын бірқатар технологиялық шешімдерді ұсынады. Атап айтқанда, SkyTone халықаралық роуминг қызметі, Petal Maps арқылы навигация, жасанды интеллект көмегімен жұмыс істейтін саяхат жоспарлаушылар және Huawei Share арқылы контентпен бөлісу мүмкіндіктері енгізіледі. Бұл құралдар Huawei құрылғыларын пайдаланушылар үшін туристік тәжірибені барынша ыңғайлы әрі жекелендірілген етеді.

Huawei мен RAKTDA арасындағы бұл жаңа кезең – бұрыннан келе жатқан серіктестіктің жалғасы. Бұған дейін Huawei-дің AppGallery, Themes және Petal Ads платформалары арқылы жүргізілген науқандар Қытайлық аудиторияға Рас-эль-Хайманың табиғи, мәдени және туристік ерекшеліктерін таныстыруға үлкен ықпал етті.

2024 жылы ұйымдастырылған Huawei AppGallery Gamers Cup турнирі эмираттың цифрлық мәдениет пен жастар туризмі орталығы ретіндегі беделін нығайтты. Биыл бұл бастама “Esports Carnival 2025″ жаңа атаумен 2–3 мамыр күндері өтеді және қатысушылар мен көрермендер саны бойынша ауқымды болуы күтілуде.

Рас әл-Хайма әмірлігінің туризмді дамыту департаментінің басшысы Раки Филлипс:

«Huawei-мен серіктестік Қытай нарығында белсенділігімізді арттыруға көмектесті. Жаңа меморандум эмиратты жаһандық деңгейде танымал ету, заманауи технологияларды енгізу және бірегей туристік тәжірибе ұсыну бағытында жаңа мүмкіндіктер ашады»

Иад Расбей: “Рас-эль-Хайма Қазақстандық туристер үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады”

Huawei тұтынушылық бизнес тобының Таяу Шығыс пен Африканың экожүйелерін дамыту және пайдалану бөлімінің басқарушы директоры Вильям Ху:

«Біз Рас-эль-Хаймамен серіктестікті мақтан тұтамыз. Huawei экожүйесі арқылы Қытай нарығына жол ашып, жергілікті бизнес пен халықаралық серіктестер арасындағы байланысты нығайта аламыз. Меморандум – болашақ туризмінің цифрлық негізін қалауда маңызды қадам»

Рас-әл-Хаймада алғаш рет Rove Hotels желісі таныстырылды

Меморандум аясында бірқатар жаңа бастамалар жүзеге асырылады. Оның ішінде Travel X имидждік кампаниясына Рас-эль-Хайманың қосылу, Huawei-дің Қытайдағы дүкендерінде арнайы Go To Ras Al Khaimah Route бағытын таныстыру, инфлюенсерлермен бірлескен PR-жобалар мен контент өндіру, Harmony экожүйесінің Magazine Unlock, Huawei Feeds, The View және Huawei Weather секілді сервистерінде эмиратты ілгерілету қарастырылған. Сондай-ақ, тараптар жаңа өнім таныстырылымдары мен туризм саласына арналған саммиттер өткізу жоспарда бар.

Рас-эль-Хайма Huawei-мен бірлесіп болашақ туризмінің бет-бейнесін қалыптастыруға қадам жасауға бел буып отыр.

Telegram-канал: Рас-эль-Хайма мен Huawei туризм саласында ынтымақтастықты кеңейтеді