Respublica-дағы дөңгелек үстел: кәсіпкерлер цифрлық таңбалауға қолдау және қарсы дәлелдерді келтірді

Кіші және орта бизнестегі цифрлық таңбалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жан-жақты әңгіме өрбіді.

Бүгін Respublica партиясының кеңсесінде тауарды таңбалау мәселелері талқыланды. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айтуар Қошмамбетов және Мұрат Әбенов, мемлекеттік органдардың өкілдері, салалық қауымдастықтардың сарапшылары Қазақстанда таңбалау мен қадағалауды жеделдетіп енгізу және тауар топтарының тізбесін кеңейту жөніндегі бейінді мемлекеттік органдардың бастамасын талқылады.

Цифрлық таңбалау — бұл ЕАЭО деңгейінде жүзеге асырылып жатқан халықаралық жоба. Оның мақсаты — көлеңкелі нарықты төмендету, тауардың қайталама айналымын және контрафактілі өнімдерді болдырмау, адал бизнесті дамыту үшін жағдай жасау, өндірілетін және импортталатын өнімдердің сапасын арттыру.

Ол темекі өнімдеріне, алкогольдік сусындар мен дәрі-дәрмектерге қолданылады. Ендігі кезекте таңбалау және қадағалау жүйесін енгізу:

— күшті алкоголь өнімдері үшін — 2025 жылғы маусым,

— мотор майлары үшін — 2025 жылғы қыркүйек,

— жеңіл өнеркәсіп тауарлары мен зергерлік бұйымдар үшін — 2026 жылғы қаңтар,

— сыра өнімдері үшін — 2026 жылғы қаңтар;

— зергерлік бұйымдар үшін — 2026 жыл,

— су және қант қосылған сусындар үшін — 2026 жыл,

— сүт өнімдері үшін 2027 жылдан бастап кезең-кезеңімен.

Алайда кәсіпкерлер бұл таңбалау — интеграция мәселелері, қойма орындарының тапшылығы, нарыққа қатысушылардың атқарушылық тәртібі мәселелерін шешу қажеттілігі себебінен тауар бағасының көтерілуіне әкеледі деп есептейді.

  • «Таңбалау жүйесі айтарлықтай қаржылық инвестицияларды қажет етеді, соның ішінде: жабдықты сатып алу, қызметкерлерді оқыту, маркаларды цифрлық басып шығару шығындары және оларды интеграциялая. Бұл шығындар жеткізу тізбегінің барлық қатысушыларына, соның ішінде логистика мен бөлшек саудаға жүктеліп, түпкілікті тауардың құнын арттырады», — деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Осылайша, кіші және орта бизнестегі цифрлық таңбалаудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жан-жақты әңгіме өрбіді. Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов атап өткендей, бұл басқосудың маңыздылығы цифрлық таңбалаудың оң немесе теріс әсерін түсінуде болды.

  • «Өкінішке орай, бізде көбінесе табысқа жеткендерге жаза қолданылатын жағдайлар болады: заңды және адал кәсіпкерлер зардап шегеді. Ал көлеңкелі бизнес бұрынғыдай жұмыс істеп келеді. Өкінішке орай, біз оны тек жапсырмалар арқылы жеңе алмаймыз. Бұл кешенді шаралар, мемлекеттік стратегия мен саясат болуы керек. Біз таңбалауды бір күнде тоқтата алмаймыз, және бұл әзірше ойға сыйымсыз. Бірақ біз қоғамдық пікірді зерттеп, мәселелерді жан-жақты Мәжіліс төрінде көтеріп, оларды үкіметпен талқылайтын боламыз», — деді Қошмамбетов.