«Ротари Астана» клубы жедел паллиативтік көмек көлігін сыйға тартады
«Ротари Астана» клубы (бұдан әрі – Ротари Астана) «Interhelp» қайырымдылық қорына паллиативтік медициналық көмек көлігін табыстайтынын мақтанышпен хабарлайды. Бұл маңызды оқиға Ротари Астананың қиын өмірлік жағдайдағы адамдарға қолдау көрсетуге және көмектесуге ұмтылысының бір бөлігіне айналмақ. Іс-шараға «Interhelp» қорының өкілдері, паллиативтік көмек дәрігерлері, Ротари Астана мүшелері қатысты.
Былтыр мамыр айында клуб «Share the Care» атты қайырымдылық іс-шарасын өткізген еді, онда билеттер сатылып, аукцион ұйымдастырылды. Барлық жиналған қаражат жедел паллиативтік көмек үшін арнайы жабдықталған автокөлік сатып алуға жұмсалды. Бұл автокөлік аурудың болжамды жайсыз нәтижесі бар адамдарға уақытылы және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге, олардың азабын жеңілдетуге және қалған өмір сүру сапасын жақсартуға көмектеседі.
«Кілтті тапсыра отырып, біз жай ғана автокөліктің есігін емес, үмітті жандарға жаңа үміттер есігін де ашамыз. Осы автокөлікпен жүріп өткен әрбір шақырым тілектермен толысып, әлемде махаббат пен қолдау бар екенін еске салатын болсын», – деді «Ротари Астана» клубының президенті Мерей Тоқтарбайқызы.
«Біз «Share the Care» іс-шарасын қолдаған және осы маңызды қадамды жасауға көмектескен әрбір адамға алғыс айтамыз. Бірге әлемді барынша мұқтаж жандарға қажетті қолдау мен қамқорлық көрсету арқылы жақсартамыз», — деп клуб мүшелері де осындай жобаларды қолдаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.