Рудный қаласында ССКӨБ қызметкері жазған хикаяға негізделген спектакльдің тұсаукесері өтті
Металлургтер күні артта қалды, бірақ мереке жалғасуда. ССКӨБ қызметкерлерін Алматының кәсіби театрқұмарлары құттықтады. Рудный сахнасына олар «Аталар тарихы» пьесасының тұсауын кесті. Ал қойылымның синопсисін бірлестіктің Өнеркәсіптік кешенінің инженер-механигі Болат Қуанышов жазған.
«Горняк» мәдени-ойын-сауық орталығы келген көрермендерді құшақ жая қарсы алды. Мұнда фойеде фуршет әзірленіп, джаз музыкасы шырқалып тұрды. Бірегей театралдық қойылым – бұл кәсіби мерекеге арналған және Рудныйда төрт күнге созылған мерекелік іс-шаралардың түйіні.
Жаңа спектакльдің тұсаукесері алдында авторлар да, әртістер де қобалжиды, басталуын тағатсыздана күтеді. Шымылдық ашылмай тұрғанша халық әңгіме-дүкен құрып, арнайы фотоаймақта суретке түсті.
«Аталар тарихы» спектаклі 2023 жылғы Металлургтер күніне арнайы әзірленген. Синопсисін ССКӨБ маманы Болат Қуанышов жазған. 2022 жылы ол ERG жыл сайынғы «Шеберлер елі» корпоративтік байқауына қатысты. Қатысушылардың алдында әңгіме ойлап табу және кәсіби мерекеге арналған пьесаның синопсисін жазу міндеті тұрды. Нәтижесінде Болат жеңімпаздардың бірі болды. Байқауда жеңіске жеткеннен кейін хикаяның қысқаша мазмұны қазіргі қазақстандық драматург Алишер Рахатқа жолданды. Ол соның негізінде пьеса жазды.
– «Аталар тарихы» пьесасының режиссері — Кубанычбек Адылов, ал Алматыдан келген тәуелсіз кәсіби театр әртістерінің труппасы идеяны жүзеге асырды, – дейді жоба продюсері Ольга Султанова. — Пьесаны оқу, дайындық 2023 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Алматыда 4 ай бойы өтті. Менің ойымша, бұл хикая Рудный көрерменінің көңілінен шығады. Біріншіден, оның авторы сіздердің жерлесіңіз — кенші болып жұмыс істейді, екіншіден, бұл хикаяда аузы бітелген шахтадан шыға алмай қалған кеншілер туралы баяндалады.
Бірлестік қызметкерлері сахнадағы қойылымды қызығып тамашалады. Сегіз үңгуші, яғни бір бригада төтенше жағдайға тап болады, одан шығатын жол жоқ сияқты. Болған жағдайда әрқайсысының көңіл күйі әр түрлі болмақ.
Гүлдер мен ду қол шапалақ – осылай көрермендер өз ілтипатын білдірді.
– Мұндай спектакль алғаш рет Рудный сахнасында қойылды және ССКӨБ қызметкерлері осындай ауқымды өнерді тамашалап, кейіпкерлерге жанашырлық танытуға және автор-әріптесін қуантуға мүмкіндік алды, бұл өте маңызды, – деп атап өтті ССКӨБ Бас директоры Сергей Напольский. — Біздің ERG компаниясы арқасында кеншілер ұмытылмас әсерге бөленді. Осы тұрғыдан адамдардың жұмыс сапасы да, тиімділігі де артады деп сенемін.
Спектакльдің тұсаукесері Рудныйда ғана өтті, бірақ әртістер ERG компаниясындағы барлық кәсіпорындардың қызметкерлеріне «Аталар тарихын» таныстыруға дайын.