Сапалы білім беру басты назарда
Жаһандану кезеңінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандарды даярлау өте маңызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру бүгінгі күннің басты талабы екенін жиі ескертеді. Жоғары оқу орындарындағы білім сапасын әлемдік деңгейге сай жетілдіру қажеттілігін өмірдің өзі талап етіп отыр. Болашақ дамуымыз білім саласында инновация жетістіктерін кеңінен пайдалануға байланысты. Әсіресе білім беру саласындағы көптеген өзгеріс жоғары оқу орындарындағы күрделі мәселелерді анықтап берді. Болашақта даярланатын мамандардың сапасына, үздіксіз білім мен ғылыми жетістіктерді игерудің ұлттық экономикаға тигізетін әсеріне, саланы жетілдіру маңызға ие екені баршаға мәлім. Қазіргі кезде басқарудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгерген мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына көшу жүзеге асырылды. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында жедел шешімдерді талап ететін және халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерді шешу жолы көзделген. Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты азайту, оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін мектеп салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру және т. б. мәселелер жалғасын тапты.Жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді,жобаны әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланғаны да баршаға мәлім. Ұлттық жоба бес міндеттен құралған төрт бағыттан тұрады.
БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі — сапалы білім екен алға тартқым келеді. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту Қазір еліміздегі жоғары оқу орындарының жартысы ғана түлектерін 60 пайыздық деңгейде жұмыспен қамтып отыр. Бұл жоғары көрсеткіш емес. Осыны ескерген Мемлекет басшысы саны бар, сапасы мардымсыз оқу орындары қысқартылып, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлай алатын іргелі оқу орындарына ғана мүмкіндіктер берілетінін қадап айтты.Бұл – сөзден іске көшудің айқын дәлелі.Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді.Осы жайттарды ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде. Әр мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуының тағы бір көрсеткіші – әлемдік тәжірибеге сүйенген білімді маман даярлаумен тығыз байланысты. Сапалы білім беру – бәсекеге қабілетті, өркениетті ел болудың кепілі. Адамзат тарихындағы жетістіктің барлығы ілім, ғылымның жемісі екендігі сөзсіз.
Қанат Қожабек
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы,Phd
Дауыл Жайна
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті кеден қаржы және экологиялық құқық кафедрасының білім алушысы