Сапалы білім — ел дамуының негізі
Қазіргі әлем дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ғылым біздің өмірімізде негізгі рөл атқарады, қоғамның дамуына, технологиялық алға жылжуға және адам өмірі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға мол мүмкіндіктер тудырады. Ғылымның маңызын терең түсіну, ғылыми зерттеулерді одан әрі қолдау және дамыту – адамзаттың болашағына қажетті басты шарттың бірі.Жақында қабылданған Жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы – ел ғылымы мен білімінің қарқынды түрде
дамуына үлкен жол ашқан маңызды құжат. Жаңа тұжырымдама еліміздің білім мен ғылым саласының дамуына ерекше серпін беретін стратегиялық жоспар болып саналады. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму.Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4 бөлімі -сапалы білім екен алға тартқым келеді. Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде оқытушылардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді.Осы жайттарды ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде.
Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты — көшбасы мемлекеттердің қатарындағы елдердің білім беру жүйесіне кіру. Бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор, сондықтан нарықтық экономикаға бейімделген бәсекеге қабілетті, жаңа заманда жаңаша ойлайтын, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны дайындау шарт. Білікті маман даярлау – жоғары мектептің біртұтас құрамдас бөлігі, оның негізгі субъектісі ЖОО оқытушысы болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі. Соңғы уақытта университет өз дамуын жалғастырып, жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай тудыруда.Қазіргі таңда университет инфрақұрылымын жетілдірді, бұл жан- жақты білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді.Оқу ордамызда ғылыми зерттеулер саласында дамуды жалғастыруда. Университетте медицина, техника, экономика және технологияны қоса алғанда, әртүрлі ғылыми салаларға арналған бірнеше ғылыми орталықтар бар. Ғылыми орталықтар халықаралық университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл ғалымдардың халықаралық жобаларға және бірлескен зерттеулерге қатысуына мүмкіндік береді.
Темірболат Нұрайша,
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ Заң факультеті қылмыстық құқық, қылмыстық
іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы