SATISFACTION 2025: Өміріңнің музыкасы

* Sander van Doorn (Нидерланд) — электрондық музыка аңызы;
* Chris Willis (АҚШ) – David Guetta хиттерінің дауысы;
* Dev (АҚШ) — әлемге Like a G6 сыйлаған жұлдыз;
* Jeffrey Sutorius (ex. Dash Berlin);
* Luciana (Ұлыбритания) – Tiësto және Bodyrox хиттерінің дауысы;
* Sevek (Бразилия) – Move Your Body би әнұранының авторы;
* Reef-фестивальдің ресми диджейі.
2025 жылы SATISFACTION шекараны кеңейтті: Қазақстанның жас диджейлері мен музыкалық продюсерлері алғаш рет жеке алаңда өнер көрсетіп, отандық электрондық сахнаның жаңа дыбыстары мен трендтерін көпшілікке таныстырды.
Жайлы жағдай жасалды: демалыс бөлмесінен гастрозонға дейін
Фестиваль қонақтарға жайлы жағдай ұсынды:
* Лазер және күшті дыбысы бар заманауи сахна;
* Пуфтар мен жамылғылар бар демалыс аймақтары;
* Сахнаға көрініс ашатын және авторлық коктейльдері бар кең VIP- lounge;
* Арт-нысандар мен фотоаймақтар;
* Отбасының барлық мүшелеріне арналған ойын-сауық аймақтары мен іс-шаралар;
* Мейрамханалар мен барлар аллеясы;
* 12 жасқа дейінгі балаларға тегін кіру.
Ұйымдастырушылар спорт сарайынан орталықтандырылған трансферді, сондай-ақ шарадан соң алаңнан қалаға жеткізуді ұйымдастырды. Бұл фестиваль қонақтары үшін өте ыңғайлы болды.
Полина Файзурахманова, SATISFACTION фестивалінің ұйымдастырушысы:
“Біз жыл сайын жаңа деңгейге шығуды көдейміз – және биылғы жылы бұл қолымыздан келді! Бізбен бірге болғандарға алғыс айтамын: әртістер, команда, серіктестер және, әрине, біздің керемет қонақтарымызға. SATISFACTION – бұл тек музыка ғана емес, қайта оралғыңыз келетін өмір салты”
Алматыдағы фестиваль жаңа маусымның жарқын бастамасы болды. Алда-Астанадағы SATISFACTION, онда ұйымдастырушылар әсерлі музыкалық шоу дайындайды.