Сауда кәсіпорындары құрылысына арналған несиені арзандатуға 4 млрд теңге бөлінеді

Биылдан бастап сауда және интеграция министрлігі кәсіпкерлерге сауда объектілерінің құрылысына, сондай-ақ инфрақұрылымын жетілдіруге жәрдемдесетін болады. Министрлік соңғы 5 жылда алғаш рет шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну құзыретіне ие болды.
Республикалық бюджет комиссиясында сауда кәсіпорындарының құрылысы мен жаңғыртуға арналған кредиттерді арзандатуға биыл 4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта «Даму» АҚ қатысуымен екінші деңгейлі банктермен бірлесе атқарылатын жобалардың тізімі жасақталуда.
Сауда комитетінің баспасөз қызметі