Sergek Group мамандары мен Spark Lab студенттері инновациялық экодатчик әзірледі

Алматы көшелеріндегі экодатчик жұмысының алғашқы нәтижелері Алматы қаласының Экология басқармасы мен Полиция департаментіне берілді

inDrive компаниясының коммерциялық емес жобалық-білім беру зертханасы – Spark Lab білім беру жобасы шеңберінде Алматы қаласының техникалық мамандықтар бойынша білім алатын сегіз студенті пайдаланылған газдың нормалардан асып кету ықтималдығы жоғары автокөліктерді анықтауға мүмкіндік беретін алгоритмдер әзірледі. Бұл алгоритмдер экодатчиктер жүйесіне біріктірілген, бұл автокөліктерді тексеру уақытын қысқартуға және экобекеттердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін студенттер Sergek Group мамандарынан тәлім алды.

«inDrive 2022 жылдың қараша айында Алматы қаласында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті (ХАТУ), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және басқа да еліміздің ірі жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, Spark Lab студенттік зертханасын іске қосқан болатын. Біздің зертханада студенттер табиғи өрттер, атмосфералық ауаның ластануы, рұқсат етілмеген қоқыс тастау орындары сияқты Қазақстанның өзекті мәселелерін шешу үшін жұмыс істеп, жобаларды күнделікті өмірге енгізу жолында баға жетпес тәжірибе алуда. Біз Sergek Group-пен Алматы қаласындағы ауа сапасын бақылау саласындағы инновациялық шешімдерді әзірлеуде ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз», — деді Spark Lab жобасының жетекшісі Петр Яковлев.

Экодатчик – бұл Атмосферада зиянды заттардың болуын және басқа параметрлерді тіркейтін «Сергек» зияткерлік жүйесін жасаушылардың сертификатталған өлшеу құралы. Өткен жылдан бері Алматы қаласының көшелерінің қиылысында осындай он датчик орнатылған.

Қазір полиция кездейсоқ көліктерді тоқтатып, оларды тексеруге жібере отырып, көліктерді пайдаланылған газ нормаларына сәйкестігін қолмен тексеруде. Бұзушылық анықталған жағдайда жүргізушіге ӘҚБтК-нің 334-бабы бойынша айыппұл салынады. Бұл процедура уақытты қажет етеді және тиімсіз болып табылады.

Тоқтатулардың тек 25%-ы шығарындылар нормаларынан асып кету бойынша айыппұл салуға әкеп соғады, яғни Алматыдағы әрбір төртінші автокөлік бұл нормаларды сақтамайды. Сонымен қатар, экобекет ұтымды пайдаланылмайды, өйткені автокөліктердің 75%-ының шығарындылар бойынша мәселесі жоқ. Spark Lab командасы енгізген жаңартылған экодатчиктер экобекеттердің тиімділігін арттырады – олар тек тексеруді қажет ететін көліктер туралы ақпарат береді.

921

«Ауаның сапасын өлшеп қана қоймай, оны жақсарту бойынша техникалық және заңнамалық шешімдермен белсенді жұмыс істеу маңызды. Spark Lab студенттерімен бірлесіп жұмыс істеу осы бағыттағы тағы бір қадам болды. Олар әзірлеген экологиялық скоринг моделі біздің математикалық модельдер жинағымызды толықтырады және барынша тиімділікке қол жеткізу үшін пысықталады. Біз индустрия мен білім беру мекемелері арасындағы осындай бірлескен жобалар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатын инновациялық шешімдер жасауға әкелетініне кәміл сенеміз»