Шетелдік әншілерге бит жазып жүрген мұғалім «Жылдың жас дарыны» атанды

Абай облысында үздік жастар марапатталды. Облыста дәстүрлі «Бірге! Бір толқында» жастар форумы өтті. Форум жастар ұйымдарының көшбасшылары, еріктілер, белсенділер, аймақтағы студенттер клуб мүшелерін біріктірді.

«Жылдың жас дарыны» номинациясының иегері биология пәні мұғалңмі Садуханов Ерқанат Ерғазыұлы атанды.

Іс-шара барысында 7 түрлі номинацияда жеңіске жеткен жастар Алғыс хат, естелік сыйлық және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ерқанат Садуханов @eraholic деген лақап атымен танымал. Ол Dua Lipa, Rosalia және Blackpink тобының мүшесі Lisa сияқты әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген. Енді ол Ники Минаждың тыңдармандарына ерекше жаңалық дайындағанын өз парақшасында жеткізген.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі