ШҚО тұрғындары қаржы пирамидасына 350 млн теңге құйған
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен «Chia Tai — Tianqing Pharmaceutical» қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Аталған фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылдың қазан айынан 2023 жылдың сәуір айына дейін «Telegram» мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.
Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 млн теңгеден астам қаражат салған.
Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен «Қамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жалғасуда.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілуге жатпайды.
Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратынын ескертемізз.
Егер Сіз және Сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша ЭТТД хабарласуыңызды сұраймыз.