Шымкент мұнай өңдеу зауыты (ПҚОП) 5,74 млн тонна мұнай өңдеді
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов жұмыс сапарымен «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) — Шымкент мұнай өңдеу зауытында болды.
Кәсіпорында өткен жиналыста зауыт жұмысының өзекті мәселелері, сондай-ақ ПҚОП-тың өндірістік қуатын кеңейту жобасының қазіргі жағдайы талқыланды. Сонымен қатар зауыттың 2024 жылғы жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жоспарлары қаралды.
Зауытқа өндіріс жоспарларының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ компанияның әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстану бойынша міндеттер қойылды.
2024 жылы ПҚОП зауытында өңделген мұнай көлемі 5,74 млн тоннадан асты.
Мұнай өнімдерінің өндірісі:
- Автобензин — 2,09 млн тонна, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 39 мың тоннаға көп;
- Дизель отыны — 1,78 млн тонна, 2023 жылмен салыстырғанда 23 мың тоннаға артық;
- Авиаотын — 319 мың тонна, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 4 мың тоннаға ұлғайды;
- Сұйытылған мұнай газы – 335 мың тонна, 2023 жылмен салыстырғанда 11 мың тоннаға артық.
2024 жылы ПҚОП жеңіл мұнай өнімдерін өндіру деңгейін 78,8%-ға және өңдеу тереңдігін 85,8%-ға жеткізді. Технологиялық отын мен шығын көрсеткіші 7,9%-ға төмендеп, 2023 жылдың деңгейінен 0,6%-ға төмен болды.
Бұл көрсеткіштер зауыттың операциялық тиімділігі үнемі артып отыратындығын және мұнай өнімдерінің жоғары сапа стандарттарына сай екендігін растайды.