Sinopec аймағындағы құстардың мекені — өнеркәсіп пен табиғат үйлесімділігі

Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі озық компаниялар корпоративтік-әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоғам алдындағы өз жауапкершілігін айқындайды. Өз кәсібін жетелдіре отыра, көптеген қайырымды жобаларды қолға алған әлемдік деңгейдегі компаниялардың бірі — Қытай елінің Sinopec компаниясы. Бұл өнеркәсіп технологиялар мен қоршаған ортаны қорғау бастамаларын біріктіру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың бірегей тәсілін көрсетіп келеді. Осындай жобалардың бірі Чженьхай мұнай өңдеу кәсіпорны аумағында орналасқан «Ақ құтан» саябағы.

15 000 шаршы метр саябақта сирек кездесетін түрлерді қосқанда 3300-ден астам ақ құтан бар. Табиғаттың «экологиялық қақпасы» ретінде белгілі бұл құстар ерекше өмір сүру жағдайларын қажет етеді, яғни тығыз өсімдіктер, тұрақты сумен қамтамасыз ету және азық-түліктің көптігі маңызды. Саябақ барлық қажетті жағдайларды жасай алды, сонымен қатар қолда бар су және орман ресурстарын кеңейтті.

Қоршаған ортаға арналған инновацияға компания тарапынан аса көңіл бөлінеді. 2020 жылдан бастап Sinopec саябақты дамытуға 6 миллион юаньнан астам инвестиция салды. Үш экологиялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілді:

— Орталық аймақ: ауданның айтарлықтай ұлғаюы және жаңа экожүйені құру;
— Кеңейтілген аймақ: зауыт аумағындағы каналдар мен дренажды қоршаған ортаны жақсарту;
— Радиациялық аймақ: құстардың мекендеу ортасын жақсарту үшін жасыл дәліздерді біріктіру.

Ақ құтан құсынан бөлек бұл аймақта мысырлық, ақ қанатты және түнгі құтандар, сондай-ақ ірі аққұтан сияқты басқа да сирек кездесетін ондаған түрлер мекендейді. Құстардың ішінде көкек, бұлбұл, қара торғай, шымшық да бар. Сонымен қатар өнеркәсіп алаңы әр түрлі фаунасымен ерекшеленеді, оның аумағында құстардың негізгі қорегі болып табылатын ұсақ балықтар мен асшаяндар мекендейді.

Бұл саябаққа наурыз бен қыркүйек айларында келушілер көп. Оның ішінде эко-белсенділер, қоғам қайраткерлері, қызметкерлер мен өзге қонақтар бар. Ал саябаққа ат басын бұра алмаған жандар құстардың өмірін жан-жақтан орнатылған камералар арқылы онлайн трансляция арқылы тамашалай алады. Бұл жоба биологиялық әр түрлілікті сақтау саласында үлгі бола отырып, халықаралық деңгейде мойындалды. 2024 жылы саябақ Чжэцзян провинциясындағы ең жақсы құстарды бақылайтын орындардың бірі ретінде танылды.

Ақ құтан саябағы Sinopec-тің экологиялық жауапкершілігінің нышаны ғана емес, сонымен қатар басқа компанияларға үлгі. Оның құрылу тарихы Қытайдың орталық телевидениесінде көрсетілген қоғамдық хабарда атап өтілді. Бұл жоба өнеркәсіп пен табиғаттың үйлесімді өмір сүріп, қоршаған ортаға да, қоғамға да пайдасын тигізетінін дәлелдейді.

Sinopec ең жоғары технологиялық және күрделі салаларда тұрақты даму мүмкін екенін дәлелдей отырып, әлемді қоршаған ортаны қорғауға шабыт беруді жалғастырады.

Ғазиза Ұзақ

Нинбо қаласы