Smart Plastic Zone: тұрақты даму мегаполистерден тыс шығуда

Елордада Smart Plastic Zone жобасының аясында пластикпен жұмыс істеудің жауапты тәсілін қалыптастыруға үлес қосқан ұйымдарды тану бойынша үшінші рәсім өтті. Бастама пластикпен жауапты жұмыс істеуді және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған және «Кока-Кола Қазақстан» ЖШС қолдауымен іске асырылуда, ал оның негізгі орындаушылары «GPI-Lab» ЖШС және GreenUrban қауымдастығы болып табылады.

Үшінші рәсімнің аясында Smart Plastic Zone-ның «алтын» және «күміс» экологиялық белгілерін әртүрлі салалардан — сауда орталықтары мен білім беру мекемелерінен бастап кафелер мен өндірістік кәсіпорындарға дейін барлығы 11 ұйым алды, соның ішінде: ең ірі сауда орталықтарының бірі — «Dostyk Plaza», Hilton Astana, Rixos President Astana және Hilton Garden Inn қонақ үйлері, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (ҚазҰАЗУ), Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, AZMAR PREMIUM МЕКТЕБІ, «Көктем» кафесі, «Өмір Сыйла» қайырымдылық қоры, «Мир упаковки» зауыты және «Mon Blan» сұлулық салоны. Бұл тұрақты тұтыну мәдениеті неғұрлым көп салалар мен өңірлерді қамтып жатқанын көрсетеді. Жаңа қатысушылардың қатарында — Солтүстік және Шығыс Қазақстанның, сондай-ақ Ақтөбе қаласының өкілдері бар. Жақын арада оңтүстік өңірлердің қосылуы күтілуде.

«Біз Smart Plastic Zone пилоттық бастамадан нақты өзгерістерге арналған платформаға тез өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бүкіл ел бойынша көптеген компаниялар күнделікті операциялық тәжірибеге тұрақты шешімдерді енгізу арқылы декларациядан нақты әрекеттерге көшуде», — деп түсініктеме жасады Орталық Азия және Кавказ өңіріндегі Coca-Cola компаниясының үкіметпен байланыс, коммуникациялар және тұрақты даму жөніндегі директоры Александра Аккирман.

2025 жылдың мамыр айынан бастап маусым айына дейін бағдарламаға қосылған объектілердің жалпы ауданы 215 729 м²-ге ұлғайып, 617 088 м² құрады. Салыстырмалы түрде, Астанада іске қосу кезінде осындай мәртебеге ауданы 54 820 м² объектілер ие болды. Бұл өсу тұрақты дамудың абстрактілі идея болуын тоқтатып, іскерлік тәжірибенің бір бөлігіне айналып жатқанын растайды.

Жоба қалай жұмыс істейді

Smart Plastic Zone — бұл тұрақты және ресурстарды үнемдейтін тәжірибелерді енгізетін ұйымдар үшін ерікті экологиялық сертификаттау жүйесі. Бағдарлама қонақ үйлер, кафелер, сауда объектілері, мектептер, университеттер, қайырымдылық ұйымдары және өндірістік кәсіпорындар үшін ашық.

Экологиялық шараларды сәтті іске асыратын ұйымдар екі санаттың бірінде Smart Plastic Zone мәртебесін алады:

«Алтын» — экологиялық шешімдерді түбегейлі интеграциялау үшін: бөлек жинау, қайта өңдеу, бір реттік пластиктен бас тарту, балама материалдарды енгізу.

«Күміс» — пластикалық қалдықтарды азайтудағы бастапқы, бірақ қазірдің өзінде байқалатын ілгерілік үшін.

Бағалау бірнеше өлшемшарттар бойынша жүргізіледі: бөлек жинауға арналған инфрақұрылымның болуы, көп рет пайдаланылатын ыдыстарды қолдану, қызметкерлерді оқытуға қатысу, ынталандыру жүйелерін енгізу (мысалы, пластикті қайтарғаны үшін бонустар), биологиялық ыдырайтын материалдармен жұмыс.

Жобаға қазірдің өзінде Қазақстанның түрлі өңірлерінен ондаған ұйымдар қатысуда. Бүгінгі таңда сертификатталған объектілердің жалпы ауданы айтарлықтай өсті. Компаниялар инновациялық шешімдерді енгізуде: кулердің орнына сүзгілер, пластиктің орнына шыны бөтелкелер, термостарды қолданғаны үшін марапаттар. Ішкі тренингтен бастап вебинарларға қатысуға дейінгі оқыту бастамалары іске асырылуда. Жылжымайтын мүлік нарығы тарапынан қызығушылық айқындалды, тұрақты объектілер үшін бірлескен стандарттар қарастырылуда.

Перспективалар

Соңғы кезеңнің қорытындыларының бірі ретінде коммерциялық жылжымайтын мүлікке жасыл стандарттарды енгізуге, Smart City және экологиялық туризм тұжырымдамаларын дамытуға, сондай-ақ бизнес пен жалпы жұртшылық үшін білім беру іс-шараларын өткізуге жол ашатын кәсіби қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жоба қазірдің өзінде корпоративтік мәдениет пен экологиялық ой-танымдағы оң өзгерістерді көрсетіп жатыр. Ұйымдардың Smart Plastic Zone-ға қатысуы экологияға бағытталған қадам болып қана қоймай, сонымен қатар тұрақты болашақты қалыптастыратын стратегиялық шешімге айналуда.