Спорт бейбітшілік — елшісі!
Бүгін, Қытай мемлекетінен келген құрметті қонақтарымызды күтіп алдық. Әлемге әйгілі ММА “JCK” тұжырымының президенті YAHG YU мырза бастаған бір топ делегаттар елімізге жұмыс іс-сапарымен арнайы келді.
Еліміздің брендіне айналған “ALASH PRIDE FC” промоушенінің ұйымдастыруымен ММА-дан үлкен халықаралық түрнирі өтеді.
“ALASH PRIDE FC” пен “JCK” тұжырымдарының өкілдері арасында кеңейтілген “достық” қарым-қатынасты нығайту мен спорттық-патриоттық бағытта жоспарланған бірнеше кездесулері жоспарланған.
Спорт бейбітшілік-елшісі, демекші бүкіл әлемде бейбітшілік заман болсын. Елімізде ММА спорты заманға сай қарқынды дамуда, кейінгі буынды жастар арасынан жаңа есімдер шығарына біз кәміл сенеміз. Осы бағытта тынбай еңбек етіп жүрген, “Алаш прайд” промоушені ұжымына ел атынан шексіз алғыс айтамыз.
Қазақ спорты жасасын!
Толқын Болатқызы
Алматы қаласы