STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

Қазақстандағы STADA компаниясының ең танымал жұмыспен қамтушы ретіндегі дәрежесі аса беделді Top Employers Institute ұйымы тарапынан тағайындалған Top Employer 2025 атағымен дәлелденді.

Қазақстан мемлекетінен басқа, STADA компаниясы өзінің бірегей корпоративтік мәдениеті мен қызметкерлеріне деген айрықша қарым-қатынасы үшін әлемнің өзге елдерінде де мойындалып, компаниялар тобына Top Employer Europe 2025 атағы табысталды.

Тәуелсіз мамандар тарапынан ұйымдастырылған жан-жақты тексеру мен бағалау барысында STADA компаниясының қызметі 20 бағыттағы ең үздік салалық тәжірибелермен салыстырылып, Top Employers Institute ұйымы компанияның Қазақстандағы бөлімшелерінде бизнес-стратегия, көшбасшылық, өзгерістерді басқару, HR-процесстерін цифровизациялау, корпоративтік мәдениет, сол секілді миссия және құндылықтар секілді негізгі аспектілерін жоғары бағалады.

Top Employer 2025 ұйымының сертификаттауына қол жеткізуге мүмкіндік берген Қазақстандағы жергілікті әдістемелер мен артықшылықтар қатарында қызметкерлердің компания өміріне белсене араласуы, олардың адалдығы мен қанағаттану дәрежесін арттыруға бағытталған бірегей бағдарламаларды жасақтау мен енгізуді жатқызуға болады.

«Мен STADA компаниясының тағы бір мәрте Қазақстанда, сол секілді Европа бойынша Top Employer деп танылғанын ерекше мақтан тұтамын», — деді STADA қызметкерлері бөлімінің жаһандық директоры Симона Бергер. «Сертификаттау барысында айқындалған бөлімшелеріміздің жоғары жетістіктері жұмыс үшін айрықша шарттарды ұсынуға деген ниетіміздің бірден-бір дәлелі».

Жалпылай алғанда, STADA тобының орташа баллы келесі салаларда айтарлықтай жоғарылады: ұйымдастыру және өзгерістер енгізу, қызметкерлердің тұрақты түрде дамуы мен әл-ауқатының қамтамасыз етілуі соның ішінде, қызметкерлердің әл-ауқатын бақылауға арналған жаһандық мобильдік қосымша секілді бастамалар арқылы да қамтылып отырды.

Top Employers Institute, әлемдегі компанияларды қызметкерлерге бағытталған мәдени бастамаларына сәйкес бағалайтын тәуелсіз беделді ұйым болып табылады. Сертификаттау барысы алты негізгі сала мен көшбасшылық, жұмыспен қамтушының брендингі, жұмыстың тиімділігі, оқыту, қызметкерлерден алынған кері байланыс, этика, адалдық және өзге де бағыттарды жан-жақты сараптаудан тұрады. Бағалау критерийлері салалық өзгерістерге бейімделе, үнемі жаңартылып отырады.

Соңғы жылдардағы STADA компаниясының жоғары бизнес нәтижелері мен үздік қаржылық көрсеткіштері аса ұқыпты мәнерде енізілген өсу мәдениетінің нәтижесінде мүмкін болды, мұны қызметкерлер арасында ұдайы түрде жүргізілетін сауалнамалар нәтижелері де растайды. Сауалнамаларға қатысу деңгейі үнемі жоғарылап отырды, мәселен 2024 жылы STADA компаниялар тобының арасында қатысым үлесі 89%-ы, ал Қазақстанда 96%-ды көрсетті. Аталмыш мәдениет компанияның қызметкерлер құрамының әр алуандығында да көрініс тапқан — мұнда 91 ұлт өкілдері қызмет атқарады, оның ішінде Германиядағы штаб-пәтерде 50 ұлт өкілдері бар. Мұндай алуантүрлілік тәжірибенің, көзқарастар мен таланттардың алуан қырын жинақтауға мүмкіндік береді. Одан өзге, 2024 жылдың нәтижелеріне сәйкес басқарудың төменгі, орта және жоғарғы буындарындағы лауазымдардың 52%-на әйелдер тағайындалған.

Әлем бойынша 11 500-ден астам қызметкерлер бір миссия, бір ұстаным мен құндылықтарды айқын деп таниды. Қазақстанда STADA компаниясы 200-ден астам қызметкерлерге жұмыс ұсынып, айрықша деңгейдегі жергілікті жұмыспен қамтушы ретінде танылған.