Су басқан өңірлерден келген оқушылар сауықтыру лагеріне орналастырылды
Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Алматы облысының білім басқармасы Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан келген оқушыларды 10 сәуір -22 мамыр (43 күн) аралығында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Тау Жаңашар» балалар сауықтыру лагеріне 70 оқушыны, Талғар ауданында орналасқан «Тау Тұран» балалар сауықтыру лагеріне 10 сәуір-15 мамыр (31 күн) аралығында 100 баланы демалыс, оқу уақытын өткізуге орналастырылды.
Балаларға барлық қажетті жағдайлар жасалып, қашықтықтан оқу процесі, сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында түрлі спорттық, шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылады.