Су ресурстарын қорғау – адамзаттың ортақ міндеті

Таза су мен санитария – адам өмірінің ажырамас бөлігі және денсаулық пен тұрақты дамудың негізгі кепілі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының алтыншы мақсаты- барша адамды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын тиімді пайдалану және санитарлық жағдайды жақсарту міндетін көздейді. Бүгінде әлем бойынша миллиондаған адам таза су мен тиісті санитария жүйесіне қол жеткізе алмай отыр. Бұл жағдай денсаулық сақтау, экология және әлеуметтік тұрақтылық салаларында өзекті мәселе болып отыр. Су тапшылығының артуы мен экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы табиғатты ұқыпты пайдаланудың маңызын айқын көрсетеді.

Қазақстан – су ресурстарының көлемі жағынан тапшы елдер қатарында. Елдегі өзендер мен көлдердің 50%-дан астамы трансшекаралық сипатқа ие, бұл суға тәуелділікті арттырады. Су тапшылығы әсіресе ауылдық жерлерде айқын сезіледі. Ауылдық тұрғындардың едәуір бөлігі сапасыз су көздерін пайдаланып келеді, бұл халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мемлекет бұл мәселені шешу үшін бірнеше стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асырып жатыр. Соның ішінде “Ақ бұлақ” және “Таза су” бағдарламалары арқылы ауылдық аймақтарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. ТДМ 6-ның басты басымдықтарының бірі – су ресурстарын тиімді басқару. Қазақстанда климаттың өзгеруі мен өнеркәсіптік ластану су экожүйелеріне кері әсерін тигізіп отырСуды ластанудан қорғау, таза ауыз суға қолжетімділікті қамтамасыз ету және санитарлық жағдайды жақсарту – күрделі, бірақ шешімі бар мәселелер. Қазақстан бұл бағытта халықаралық тәжірибені қолданып, жаһандық бастамаларға қосылуда. Мысалы, БҰҰ мен Дүниежүзілік банкпен бірлескен жобалар аясында су инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілуде.Сондай-ақ, заманауи технологияларды пайдалану, әсіресе су тазарту қондырғыларын жаңарту және ауылдық жерлерге су жеткізу мәселесін шешу маңызды. Бұл бағытта жас ғалымдар мен студенттердің рөлі ерекше. Олардың инновациялық идеялары су ресурстарын тиімді басқарудың жаңа шешімдерін ұсына алады. ТДМ 6-мақсаты – тек суға қолжетімділікті арттыруды ғана емес, сонымен бірге адамдардың денсаулығы мен өмір сапасын жақсартуды көздейді. Қазақстан үшін бұл мақсатты жүзеге асыру табиғи

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті де ТДМ 6 мақсаттарын жүзеге асыруға белсенді үлес қосып келеді. Университет қабырғасында экологиялық мәдениетті дамытуға, суды тиімді пайдалануға және экологиялық құқықтық білімді арттыруға бағытталған іс-шаралар мен ғылыми зерттеулер тұрақты түрде ұйымдастырылуда. Заң факультетінің оқытушылары мен студенттері су ресурстарын қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мәселелеріне қатысты ғылыми жобалар мен пікірталастар өткізіп, қоғамда жауапкершілік пен экологиялық сананы қалыптастыруға өз үлесін қосуда. Таза су – тіршіліктің өзегі. Су ресурстарын сақтау, үнемді пайдалану және келешек ұрпаққа таза табиғатты қалдыру – әр азаматтың борышы. ТДМ 6 мақсатының жүзеге асуы-адамның өмір сапасын жақсартып, тұрақты болашаққа бастайтын маңызды қадам.

С.Ж. СУЛЕЙМЕНОВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Заң факультеті  азаматтық құқық,

азаматтық іс жүргізу және еңбек

құқығы кафедрасының оқытушысы,

заң ғылымдарының докторы, профессор