Таеквондодан Тамирлан Тілеулес U21 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды

Таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан U21 санатындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші жүлде түсті, , деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың екінші күнінде 63 келідегі Тамирлан Тілеулес жартылай финалға дейін жетіп, драмаға толы бәсекеде Түркия спортшысына соңғы секундта есе жіберді.
Айта кетейік, кеше Бейбарыс Қаблан U21 санатындағы әлем чемпионатының тұңғыш алтын жүлдесін иемденген еді.
3-6 желтоқсан аралығында жалғасатын жаһандық додада 79 елден 452 спортшы бақ сынап жатыр.


