Талдықорғанда петроглифтері бар төбені жою басталды
Наурыз айының соңында Талдықорған қаласының маңында сақ дәуірінің жартастағы және одан бұрынғы (3-4 мың жыл бұрын) суреттері орналасқан Темір төбесінің түпкілікті жойылуы басталды. Петроглифтері бар тас тақталар темір ломдар арқылы жұлынады. Тарихи мұралардың жойылу қаупі төбеге іргелес аумаққа да төніп тұр.
«Қазақстанда бірегей тарихи мұра – жартас өнері бар» — бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан еске алды. Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаев: «Қазақстанды петроглифтер елі деп бекер айтпаған. Бұл ретте құнды сызбалардың ең көп шоғырлануы Талдықорған ауданында байқалады. Жақын жерде әлемдік стандарттағы жартас өнерінің ірі шоғырлары – Ешкіөлмес, Арқарлы, Ордақұл бар», — деп атап өтті.
Перспективті және іс жүзінде зерттелмеген аумақтардың бірі, соның ішінде туризм — Қызылтас жотасы. Жотаның алдын ала зерттелуі кезінде қола және ерте темір дәуірінің (3-4 мың жыл бұрын) суреттері, оның ішінде алыптардың бейнелері, культтік көріністер, аңшылық бейнелері табылды. Түркі дәуірінің, соның ішінде салт аттылардың көптеген суреттері бар.
«Петроглиф ізшілері» қорының жетекшісі Ольга Гумирова айтқандай «Темір шоқы Талдықорған қаласына жақын жерде орналасқан». Мұнда петроглифтері бар жартастар да бар. Осыған қарамастан, Кеңес дәуірінен бері төбеден құрылыс материалдары өңделіп, кең таралған тау жынысы диорит алынады. 2023 жылы «Темірбетон» серіктестігі (АСПМК-519 холдингінің құрамына кіреді) төбеде жару жұмыстарын бастады. Бұл ретте компания жекеменшік «Қазархеология» ЖШС-нен алынған сараптама деректеріне сілтеме жасады (бұл 2016 жылы Талғар маңындағы Талхиз көне қаласы тарихи құндылығы бағаланбай тұрған кезде ЮНЕСКО тізіміне еніп, кеңінен танымал болған еді). «Темірбетон» мен «Қазархеология» мамандары халыққа сараптама туралы толық қорытынды беруден бас тартты. Сол сияқты, уәдеге қайшы, Темір карьері маңындағы 32 сақ қорғанының «Қазархеология» жүргізген қазба жұмыстары туралы есеп берілмеді, ол жерден табылған қалдықтар мен жәдігерлердің тағдыры белгісіз.
Талдықорған мен Алматы жұртшылығы қатты наразылық білдірген соң жұмыс тоқтатылды. Қызылтастың суреттерін сақтау мәселесі депутаттар Сергей Пономарев пен Ирина Смирнованың бастамасымен Мәжілісте бірнеше рет талқыланды.
Динара Бәкірованың жетекшілігімен «Петроглиф ізшілері» қоғамдық қоры, қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, «Атамекен» АЭС және Талдықорған қаласы әкімдігінің қатысуымен өткен Талдықорған жұртшылығы өкілдерінің келіссөздері барысында меморандум жасау туралы келісімге қол жеткізілді. Оның ішінде Темір төбесіндегі жұмыстарды тоқтату, «Темірбетон» серіктестігіне тас өндіру үшін тағы бір алаң беру, келешекте қираған төбені қалпына келтіру және ол жерде экосаябақ құру көзделген болатын.
2024 жылдың наурыз айының ортасында Үшінші Құрылтайда сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев атап өтті:
− Соңғы жылдары құрылыс саласының қажеттілігін сылтауратып, кейбір петроглифтер жойылды. Біз бірегей тарихи орындарымызды жойылудан қорғауымыз керек. Құзырлы органдарға бұл үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын. Қажет болған жағдайда заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді қарастыру қажет.
Алайда «Темірбетон» мен Талдықорған қаласының әкімдігі бұған дейін уәде бергенімен, жұртшылық пен Президенттің ұстанымын ескермей, меморандумға қол қоюдан бас тартты. Компанияға жер телімі берілмеді. Сол себептен комапания сотқа шағымданды (іс әлі қаралуда). Соттың аяқталуын күтпей-ақ «Темірбетон» өткен ақпан айында жарылыс жұмыстарын қайта бастады. Наурыз айының соңында компания өкілдері петроглифтері бар тақтайшаларды жақын маңдағы Тасбақа жартасқа жылжыту үшін оларды түбінен жұлып алуға кірісті. Тасымалдау Жетісу тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Бұл ретте компания өз қарамағында деген Мәдениет және ақпарат министрлігінің комиссиясының шешіміне сілтеме жасайды. Алайда құжат мәтіні ресми түрде жұртшылыққа ұсынылмады.
Тарихи ескерткіштерді беру қауіпті: басқа микроклиматта сызбалары бар тақталар тез құлап кетуі мүмкін. Қызылтастың жартас өнері біртұтас тарихи кешенді бейнелейді, ал оның жекелеген элементтерін алып тастау тарихшыларды құнды ғылыми ақпараттан айырады және тарихи кешенді құбылыс ретінде жойып жібереді. Оның үстіне «Темірбетон» серіктестігі көршілес аумақтарды да қамтыған төбенің айналасын қоршап алған. Оның үстіне, белгілі болғандай, «Бевер ҚЫЗЫЛТАС» ЖШС 2026 жылға дейін пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алып, алтын өндіруді қолға алмақшы. Бұл жоба тек петроглифтерге ғана емес, сонымен қатар талдықорғандықтардың танымал демалыс орнына, таңғажайып әдемі «Тасбақа» жартастарына, сондай-ақ Талдықорғандағы экологиялық жағдайға тікелей қауіп төндіреді.
Текелі қалалық Қоғамдық палатаның өкілі Наталья Хабарова атап өткендей, «Өткен жылы Талдықорған қаласының әкімі ескерткіштерді жоюды тоқтатамыз деп жұртшылық алдында уәде берген болатын. Бірақ бұл сөз болып қалды».
«Петроглиф ізшілері» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Гумирова:
-Петроглифтері бар жартастарды қирату Мемлекет басшысының, мәжілісмендердің, бақылаушы органдардың назары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге аударылған кезде басталып кетті. Осыны пайдаланған кәсіпкерлер тарихи ескерткішті өз білгенінше басқаруға кірісті.
Бұл ретте оның пікірінше, бұрын жүргізілген зерттеулер мен Қызылтас жотасын сертификаттау сапасына қатысты көптеген сұрақтар туындайды. «2023 жылы Қаратал ауданын аттестациялау кезінде бұл жұмыстар Қызылтас аумағында неге жүргізілмеді? Бұл да Қаратал ауданы. Неліктен Қызылтастың кейбір жекелеген нысандары тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгенімен, ескерткіштердің шекарасы көрсетілмеген? Неліктен оларға қорғалған мәртебе берілмейді? Неге шенеуніктер көрмеген ондаған, жүздеген петроглифтерді біз тауып жатырмыз?».
Қоғам қайраткері Мұхтар Тайжан, өз кезегінде, «Жалған сараптамалық қорытынды шығаратын, кейін жұртшылыққа көрсетуге ұялатын ЖШС-нің ғана емес, осы ұйымдардың басшылары мен иелерінің де жеке жауапкершілігі мәселесін көтеру керек, — деп есептейді. — Қазақстанның тарихи мұрасының тағдыры тек ақшаны ғана ойлайтындардың қолында болса, біз күн сайын өткенімізді жоғалтып аламыз», — деп атап өтті ол.
Баспасөз конференциясына қатысушылар петроглифтерді бөлшектеу әрі жару жұмыстарын дереу тоқтатуды, «Темірбетон» ЖШС-нің қызметін тексеруді ұйымдастыруды және тарихшыларға Темір шоқысы мен Қызылтас жотасын зерттеп-сараптауына жағдай жасауды талап етті. Сонымен қатар тарихи ескерткіштер табылғаннан бастап, жылдар бойы бюрократиялық кідірістерге жол бермей, бірден қорғалу керектігін алға тартады.