Тәтті сусындарға салық салудың денсаулыққа пайдасы жоқ – Tax Foundation зерттеуі

Тәтті сусындарға салық салу семіздікпен және басқа да қоғам денсаулығы мәселелерімен күресуге еш әсер етпейді. Жаңа есебінде Tax Foundation халықаралық зерттеу орталығының сарапшылары осындай қорытындыға келді.

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк деректеріне сәйкес құрамында қанты бар сусындарға салынатын салық әлемнің 117 елінде қолданылады. Алайда Tax Foundation зерттеуі бойынша мұндай шаралардың қант тұтынуын азайтып, халық  денсаулығының жақсаруына әкелуі сирек жағдай.

Тәттіге салық салудағы мәселе неде?

Tax Foundation акциздік саясаты жөніндегі директоры Адам Хоффердің сөзінше, аталған салықтардың тиімсіздігі – олар өнімнің тым аз сегментін қамтиды.

“Тәтті сусын бағасының өсуіне байланысты адам денсаулығының айтарлықтай жақсарғаны туралы ешқандай дәлел жоқ”, – дейді Хоффер.

Бірқатар Еуропа елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, өндірушілер сусын құрамындағы қантты шынымен де азайта бастады. Алайда, халықтың қантты жалпы тұтынуы іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. Адамдар газдалған сусынды басқа тәтті тағамдармен алмастырады.

Тиімді салық қалай жұмыс істеуі керек?

Tax Foundation сарапшылары тәтті сусындар салығы денсаулыққа расымен де әсер етуі үшін төмендегі бірнеше жағдай үйлесім табу керектігін атайды:

  • тәтті сусын бағасының өсуі оларды пайдалануды қысқартуы керек;
  • тұтынушылар оларды сау баламаларына алмастыруы керек;
  • осындай мінез-құлық өзгерісі калория мен қант тұтынудың жалпы төмендеуіне әкелуі керек.

Іс жүзінде бұған қол жеткізу өте қиын.

Зерттеу нәтижелері

Есеп авторларының пікірінше, қант қосылған сусындарға салық салу олардың сатылымын төмендетеді, бірақ төмендегілерге әсер етпейді дерлік:

  • қанттың жалпы тұтынылуы;

      ⦁     семіздіктің басқа да қауіп факторлары;

  • жалпы халық денсаулығының жай-күйі.

Зерттеудің толық мәтіні Tax Foundation сайтында қолжетімді.