Таза қала – ортақ міндет: Алматыда көктемнің басталуы ауқымды науқанмен айқындалады

1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» ауқымды науқаны өтеді. Науқан мақсаттарының бірі — экологиялық мәдениетті арттыру және қала тұрғындары арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру.
Науқан төрт тақырыптық апта бойынша өтеді, оларі:
• «Таза көшелер» (1-9 наурыз) — аялдамаларды, жол белгілерін тазарту,қоқыс жәшіктерін орнату, магистральдарды абаттандыру;
• «Таза саябақтар, скверлер мен таулар» (10-16 наурыз) — табиғи аймақтардағы сенбіліктер және қоқыс жинау жұмыстары;
• «Таза аулалар» (17-23 наурыз) — аула аумақтарын, балалар және спорт алаңдарын, абаттандыру элементтерін жинау және сырлау, көгалдандыру, «Үздік аула/аула сыпырушы/аула жанындағы бау-бақша конкурстары;
• «Біздің қала – біздің мақтанышымыз» (24 наурыз–1 сәуір) ескерткіштерді абаттандыру және ағаштарды жаппай отырғызу.
«Өткен жылы басталған экологиялық бастамаларды жалғастыра отырып, біз бірге қаламызды таза әрі жайлы етуге тырысамыз. 2024 жылы Алматыда абаттандырудың жаңа ережелері бекітілді, оның аясында 6 мыңнан астам кәсіпкерлік объектілері үшін абаттандыру паспорттарының жүйесі енгізілді. Бүгінгі таңда 4918 паспорт ресімделді, бұл жоспарланғанның 82%-ын құрайды. Паспорттау қасбеттерді, тротуарларды, жасыл аймақтарды және басқа да объектілерді қоса алғанда, іргелес аумақтар үшін жауапкершілікті бекітуге мүмкіндік береді», — деді Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов.
Науқан аясында 600-ден астам заңсыз стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) бөлшектеу, 1 сәуірге дейін вандалға қарсы 12 мың урна орнату, 4020-дан астам ауланы абаттандыру, 445 саябақ пен гүлзарды, өзендер мен көлдердің жағалауларын тазалау, сондай-ақ 5 мың ағаш пен бұта отырғызу жоспарланған.
«Құрметті тұрғындар! «Алматы-біздің ортақ үйіміз», ал әрбір үй таза әрі жайлы болу керек. Сіздердің әрқайсыларыңызды қоқыстарды тазалауға, табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамын. Біздің науқанға қосылыңыз! Біздің қала барлығына үлгі болсын! Алматыға деген қамқорлығыңыз бен сүйіспеншілігіңіз үшін рахмет!», — Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыров осылайша алматылықтарды қаланы тазартуға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Барлық толық ақпарат Almaty.kz сайтында жарияланатын болады.