«Таза Қазақстан»: онлайн-платформасына астаналықтардан 1600-ге жуық өтініш түсті

Елордада «Таза Қазақстан» онлайн-платформасы арқылы қала тұрғындарының өтініштері белсенді түрде қабылданып жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Әрбір қала тұрғыны «Таза Қазақстан» платформасында абаттандыру мәселесін қозғай алады. Жүйе жұмыс істей бастағалы бері 1600-ге жуық өтініш түсіп, оның 1362-сі орындалды. Қалғаны – өңделу сатысында.
Өтініштердің негізгі санаттарына абаттандыру, жарықтандыру мәселелері, жол жөндеу, көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жатады.
Ескертулер уақытылы өңделеді, бұл тұрғындар үшін қолайсыздықты азайтуға көмектеседі.
«Таза Қазақстан» порталының басты артықшылығы – тұрғындардың жылдам және ашық өзара байланысы.
Қала тұрғындарымен белсенді байланыс орнатылып, олардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілуде.