«Таза Қазақстан» республикалық акциясы өз жалғасын табуда

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар үйлері мен ғимарат аумақтарында тазалық жүргізеді. «Киелі мекен» деп аталатын екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруға арналады. Ал үшінші аптада көшеттер отырғызылып, ағаштардың түбі әктеледі. «Өнегелі ұрпақ» дейтін төртінші аптада ардагерлер сарайы мен қарттар үйлерінің аумақтарын тазарту көзделген. Соңғы бесінші аптада өзен-бұлақтардың арнасы қоқыстан тазартылады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Green Campus» бағытындағы іс-шаралар жан­данып, өз жалғасын табуда  университет аудиторияларын абаттандыру, көгалдандыру бағы­тын­да көптеген жақсы істердің ұйытқысы болып келеді. Олардың бастамасымен Экологиялық шараның  алғашқы аптасында «Таза өлке» апталығы аясында университет білім алушалары, кафедра профессор оқытушы құрамы, топ эдвайзерлері  белгіленген аудиторияларының аулаларды тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүзеге асыруда белсенділік танытуда

Солардың бірі университеттің заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминалистика кафедрасының 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 1 курс  111 тобының білім алушылары мен топ эдвйзері С.Ш. Даубасова  университет аумағының бас оқу ғиматарының 412 аудиторияда  өткізілді. Топтың білім алушылары белсенді жастар «Қылмыстарды тергеуді техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету зертханасы» 412 аудиториясын  тазалап, бөлме гулдерін отырғызды. Гүл — сұлулықтың, әсемдіктің белгісі. Тіпті, білім алушылардың жанын емдейтін, көңіл-күйін көтеретін қасиеті де бар. Әсіресе, бөлме гүлдері білім алушылардың жанына жылулық сыйлайды. Гүл өсірудің де тәсілдері болады. Әр гүл әртүрлі баптауды қажет етеді. Біреуі суды көп қажет етсе, біреуіне жарық көбірек қажет. Әсем гүлдер аудиторияның  сәнін келтіріп қана қоймай, білім алушылардың жанына жылылық ұялататын қасиетке ие. Біздің «Қылмыстарды тергеуді техникалық-криминалистикалық қамтамасыз ету зертханасы» 412 аудиториясынның тазалығы ол университеттің тазалығына жатады. Күнделікті өзіміз білім алып жүрген университет таза болуына атсалыссақ, күнделікті өзіміздің отыратын аудиторияларды, жүріп бара жатқан жердің тазалығына атсалыссақ, соған мән бере алсақ, жақсы болады деп ойлаймыз.

С.Ш. Даубасова,

әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ оқытушылары