Темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?
2024 жылдың 03 сәуірінде ТМД 3-тармағы Тұрақты даму мақсатының «Мықты денсаулық және әл-ауқат» аясында және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90-жылдық мерейтойында Медицина және денсаулық сақтау факультеті «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс білім алушылары мен заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6В12301 — Құқық қорғау қызметі», «6В04205 — Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 1 және 3 курс білім алушылар арасында, медицина және денсаулық сақтау факультетінің мәжіліс залында факультет аралық деңгейде медицина және денсаулық сақтау факультетінің аға куратор-эдвайзері Г.А. Арынованың ұйымдастыруымен, кафедраның кураторы Ф.А. Бимурзаева, заң факультетінің кураторы С.Ш. Даубасованың қатысуымен «Сіз темекінің және электронды темекінің зиянын білесіз бе?» атты дөңгелек үстел өтті.
«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 3 курс білім алушы Жақсылық Аделия темекінің организмге әсері туралы презентация жасады. Ерекше тоқталып кеткен мәселелерің бірі, соңғы жылдары бүкіл әлемде темекі тұтыну төмендеу тенденциясына ие болғанымен, ол 75 жыл бұрынғымен салыстырғанда 3 есе және 50 жыл бұрынғымен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Бүгінгі жылдық тұтыну 5,2 триллион бірлік деңгейінде. Темекі мен темекі өнімдерінің кеңінен қолданылатынын айтқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жағдайды «темекі індеті» деп атайды.
Бұл дөңгелек үстелдің ерекшелігі заң факультетінің білім алушыларының қызығушылығы ереше назар аударған жағдай баяндамашылардың жасаған электорндық сауалнама, сонымен қатар, ақпараттық қағаз дайындап, білім алушыларға сауалнама жүргізуінде.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: білім алушылардың темекіден бас тартып, денсаулығын нығайтып, күш-жігерін арттыру, жас ерекшеліктеріне, құндылық бағдарларына және имандылық – еріктілігіне сәйкес салауатты өмір салтының ұғымдарын, дағдыларын және уәждерін қалыптастыру.
Салауатты өмір салты-бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін күшейтетінін жас ұрпақтын санасына сіңіру.
Қорытындылай келе барлық қатысушыларға келесідей үндеу айтылды: «Өзіңізді және жақындарыңызды темекі мен темекі өнімдерінің зиянды әсерінен қорғауға күш салыңыз, тәуелділік әсері жоғары жаумен соғысып жатқаныңызды есте сақтаңыз және қолдау алудан тартынбаңыз»
Факультет кураторлары келесідей тұжырымға келді, жастар-біздің болашағымыз. Ал бізге болашағымыздың айбындылығы мен жарқындылығы қажет. Келешегінен үміт күткізіп отырған бүгінгі жастар — ертеңгі қоғам иелері!
С.Ш. Даубасова,
Г.А. Арынова
әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ оқытушылары