Терроризмге қарсы іс-қимыл шеңберінде қабылданатын шаралар туралы айтылды

Терроризмге қарсы іс-қимыл Қазақстанда ғана емес әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды іс-қимылдың бірі болып отыр. Террористік актілер бейбіт тұрғындарға, экономикаға және әлеуметтік тұрақтылыққа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан терроризмге қарсы іс-қимылмен тиімді күресудің маңызы зор.

2022 жылдан бастап 2024 жылдың өткен кезеңіне дейін елордалық соттар жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 адамға қатысты 26 істі қарады. Бұл еліміздегі терроризм мен экстремизмге қарсы күрестің нәтижелі әрекетінің көрсеткіші.

Астана қаласының Дін істері басқармасы интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын белсенді жүргізуде. Мақсат – діни терроризм мен экстремизмге қарсы иммунитетті және нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Басқарманың ресми ресурстарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға және оған қарсы тұруға бағытталған 1 177 астам фотопосттар, видеороликтер, рилстер мен басқада материалдар орналастырылған.

Интернетте діни экстремистік материалдардың таралуына қарсы күрес аясында Астана қаласының Дін істері басқармасы интернет кеңістігін мониторингтеу бойынша белсенді жүйелі жұмыс жүргізуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын қоғамдық келісімнің бұзылуына ықпал ететін 7 836 материал анықталды.

«Эфирдегі ақиқат» — діни экстремизм мен терроризм саласындағы контр пропагандалық жоба. Бұл діни іс-қимылдарға қарсы насихатқа бағытталған маңызды бастама болып табылады.  Жобаның мақсаты — Қазақстанда тыйым салынған Әл Қаида, АУМ Синрекё, ИГИЛ, Хизбут Тахрир, Йақын Инкар сияқты ұйымдардың қауіптілігі туралы ескерту, экстремистік идеяларға қарсы «иммунитетті» нығайту.

Соңғы жылдары әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар арқылы діни экстремистік материалдардың таралуы жиілегендіктен Дін істері басқармасы  «Astana Aqparat» атауымен «Telegram-бот» ашты. Боттың негізгі міндеті — күмәнді ресурстарға жазылғаныңызды тексеру. Бұл арқылы ата-аналар өз балаларының қазіргі уақытта қандай қауымдастықтарға тіркелгенін тексере алады. Қазіргі уақытта ұсынылған шағымдардың арқасында «Instagram» әлеуметтік желісінің әкімшілігі 7 сілтемені бұғаттады. Интернетте діни экстремистік материалдардың таралуына мониторинг жүргізу және оған қарсы күрес жөніндегі күшейтілген шаралар Астана қаласының қоғамдық қауіпсіздігіне төнетін ықтимал қатерлерді тиімді бақылауға және алдын алуға мүмкіндік береді.