Thai AirAsia X Алматы–Бангкок бағыты бойынша тікелей рейсті қосты

Қыстың ызғарлы күндерін тропикалық жылулыққа алмастырғысы келетіндер үшін қуанышты жаңалық. Азия елдеріндегі танымал әуе компаниялардың бірі Thai AirAsia X (XJ) Алматы – Бангкок (Дон Муанг) бағыты бойынша тікелей рейстерді ресми түрде іске қосты. Алыс магистралды лоукостердің көптен күткен алғашқы рейсі жоғары сұранысқа ие болып, жүктеме көрсеткіші 70–75% деңгейінде тіркелді.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) Airbus A330 әуе кемелерімен орындалады. Бұл — Thai AirAsia X компаниясының Орталық Азия нарығына алғашқы қадам жасап, өңірге кеңеюінің маңызды кезеңі.

Thai AirAsia X бас директоры Паттра Бусаравонгсе:
«Алматы – Бангкок рейсінің ашылуы — біздің компания үшін стратегиялық қадам. Бұл бағыт Қазақстан азаматтарына Бангкокты визасыз, қолжетімді әрі жайлы форматта тамашалауға мүмкіндік береді. Қаланы қысқы маусымда ерекше тартымды ететін мәдениет, гастрономия және көңіл көтеру мүмкіндіктері шексіз. «Қазақстандық достарымызды Тайландтың жылы ауа райын, бай мәдениетін және ерекше қонақжайлығын сезінуге шақырамын. AirAsia желісі арқылы саяхатшылар Тайландтың әр өңіріне, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне ыңғайлы түрде жалғастырып саяхаттай алады»

AirAsia X: Алматы мен Куала-Лумпур арасындағы достық көпірі нығая түсті

Тайланд астанасы Бангкок — Азиядағы ең тартымды мегаполистердің бірі. Мұнда заманауи урбанистика да, ежелгі дәстүрлер де рухани үйлесім табады. Ал AirAsia-ның кең халықаралық бағыты жолаушыларға Пхукет, Краби, Чиангмай сынды танымал курорттарға немесе Азияның басқа да бағыттарына жол тартуды жеңілдетеді.

Thai AirAsia X қазір Бангкоктан Токио, Осака, Нагоя, Саппоро, Сендай, Сеул, Дели, Шанхай, Эр-Рияд және енді Алматы бағыты бойынша 11 Airbus A330-300 ұшағымен тікелей рейстер орындайды.

AirAsia X әуе компаниясы Оңтүстік-Шығыс Азия туристеріне Қазақстан бағытындағы саяхатты танымал ете түсті

Тайланд Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі Пияпин Нийомреркс ханым жаңа бағыттың ашылуына ерекше тоқталды:
«Бұл рейстің іске қосылуы — тек туристік мүмкіндік емес, Қазақстан мен Тайланд арасындағы достықты нығайтатын маңызды көпір. Біз қазақстандықтардың Тайландқа деген қызығушылығы жылдан жылға артып келе жатқанын көріп отырмыз. Екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі жақсартуға бағытталған осындай бастамаларды қолдауға әрдайым қуаныштымыз»

Жаңа бағыт — қазақстандықтар үшін қысты жылы климатқа алмастырып, жаңа әсерлерге толы тарихи, мәдени әрі гастрономиялық сапарға шығудың тамаша мүмкіндігі.