Тізе ауыруын қалай жеңілдетуге болады?

Дәрігерлерге тізе ауыруымен артритпен қиналатын қарт кісілер де, физикалық жүктеме көтеретін спортшылар да және балалары бар аналар да шағымданады. Әртүрлі аурулардың белгілері бір-біріне ұқсас келеді, тізе ауруын тиімді емдеу үшін оның себебін дұрыс анықтау керек.
Тізе әртүрлі себеппен ауыруы мүмкін, бірақ ол жиі мыналармен байланысты болады:
— сүйек сынған немесе зақымдалған;
— тізенің ұршық сүйегі сынған немесе жылжыған (қозғалғанда және тізе бүгілгенде ауырады);
— тізе буынындағы ішкі және сыртқы шеміршек үзілген (тізенің артқы жағы ауырады);
— сіңір немесе байлам қабынған немесе созылған (тізе бүгілгенде ауырады).
Сондай-ақ тізе майтабан, омырқааралық дисктер жарығы, варикоз немесе жамбас буыны зақымы себебінен де ауыруы мүмкін.
Тізе ауыруының себебі жиі зақымдар болады. Мысалы, белсенді спортпен айналысу кезінде ыңғайсыз қозғалып қалып, тізенің ұршық сүйегі орнынан жылжып кетуі немесе шеміршек зақымдалған болуы мүмкін.
Сондай-ақ, буынның созылмалы ауруы, мысалы, тізе буыны артрозының себебінен тізеңіз ауыруы мүмкін.
Тізе ауырғанда, әсіресе, бастапқы кезеңдерде травматолог, ортопед, невропаолог, ревматолог немесе остеопатқа қаралуға болады.

Тізе ауырғанда не істеуге болады?

Тізе ауыруын елемей қоюға болмайды. Міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Алайда дәрігерге барғанға дейін оның ауыруын жеңілдету үшін мына әдістерді байқап көріңіз:
— Егер тізеңіздің ауыруы физикалық жүктемемен байланысты болса, спортпен айналысуды тоқтату немесе үзіліс алу ұсынылады. Тізе астына жастық қойып жатыңыз;
— Үйде тізе ауыруын мұздың көмегімен жеңілдетуге болады. Ол үшін ауырып тұрған тізеге мұз немесе салқын бірдеңе басыңыз. Мұндай салқын компресті 10-20 минут ұстауға болады;
— Тізе ауырғанда оны созылмалы бинтпен орауға болады, бірақ қысып жіберуге болмайды;
— Аяқты көтеріп жатыңыз;
— Дәрігерге барғанша тізеге ауырсынуды басатын жақпа май жағуға болады.
Ескерту: Тізе ауыруының себептері мен оны емдеу жолын тек дәрігер анықтай алады.

А. Жапатова

massaget.kz