ТМК кәсіпорындары тұрақты дамуға қалай көмектеседі
Жақында Астанада өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) саммитінде 2025 жыл тұрақты даму жылы болып жарияланды, ал қатысушы-елдер қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, климаттың өзгеруінің теріс салдарын азайту және оған бейімделу саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Осындай жаһандық мақсаттарға қол жеткізуде бизнестің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың экологиялық міндеттемелерді өз мойнына алуға және тұрақты дамуға өз үлесін қосуға дайын болуы басым рөл атқарады.
Мысалы, Қазақстан Париж келісімі шеңберінде 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 1990 жылғы деңгейден 15% — ға қысқартуға ниетті. Бұл мақсаттарға Үкіметтің, экономиканың және бизнестің барлық секторларының бірлескен жұмысынсыз қол жеткізу мүмкін емес. Мысалы, Қазақстандағы жетекші алтын өндірушілердің бірі-Solidcore Resources компаниясы — осы бағытта белсенді жұмыстар атқаруда және климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі өзінің жоспарын енгізуде, оған жеке ЖЭК және төмен көміртекті электр энергиясы көздерін салу, техника паркін жаңғырту және энергия ресурстарын тұтынуды оңтайландыру кіреді.
Осы кезеңде Қостанай және Абай облыстарындағы Solidcore кәсіпорындарында кәсіпорындарды өзінің жаңартылатын электр энергиясымен қамтамасыз ететін жалпы қуаты 40 МВт күн электр қондырғыларын жобалау жүргізілуде. Бұдан басқа, күн генерациясын теңестіру және кәсіпорындарды үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін Solidcore Resources 2025-2026 жылдары Қостанай облысында қуаты 40 МВт дейінгі газ электр станциясын пайдалануға береді. Бұл жобалар 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын Қостанай облысындағы Варваринск кен орнында 40% — ға дейін және Абай облысындағы Бақыршық кен орнында 30% — ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тау-кен техникасынан шығатын шығарындылар сонымен қатар компанияның көміртегі ізінің айтарлықтай үлесін құрайды. Оларды төмендету үшін Solidcore Resources кәсіпорындарында тау-кен техникасын кезең кезеңімен жаңғырту жүргізілуде: электр энергиясын қалпына келтіру жүйелері бар электрогидравликалық экскаваторлар жұмыс істейді, сондай-ақ шығарындылар деңгейі төмендетілген газдизель самосвалдары тәжірибелік сынақтан өтуде, олардың жалпы саны жыл соңына дейін 29 бірлікке дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
Solidcore Resources өзінің қызмет ету аймақтарындағы биоәртүрлілікті сақтауға және қолдауға ерекше назар аударады. Мәселен, биыл компания Қостанай облысындағы Варваринское кен орнының маңында жаңа орман отырғызудың ерікті пилоттық жобасын іске қосты. Жобаны кезең кезеңімен іске асыру барысында, 2027 жылға дейін 500 га дейінгі алаңда ағаш отырғызу жүзеге асырылатын болады. Келешекте 1,5 мың гектарға дейінгі алаңда отырғызу жоспарлануда, Павлодар және Абай облыстарында орманды климаттық жобаға жер іздеу және іріктеу басталды.
Сондай-ақ, Қостанай облысында Комаров және Варваринск кәсіпорындарының кеншілері бірден екі су қоймасына – Қостанай ауданында орналасқан Сергеев су қоймасына және Жітіқара ауданындағы Шортанды су қоймасына балық жіберуді жүзеге асырды. Су қоймасына 20 мың жас тұқыбалық жіберілді. Осындай акцияны Павлодар облысында Solidcore Resources құрылымына кіретін Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының қызметкерлері де өткізді.
Фауна өкілдерін өнеркәсіптік нысандарда болуы мүмкін ықтимал қауіптерден қорғау үшін, кәсіпорындар құстарды орын алуы мүмкін жарақаттардан қорғауға арналған арнайы жарық шағылыстыратын маркерлермен және дыбыстық үріткіштермен жабдықталған. Мысалы, кәсіпорындар трансформаторлық қосалқы станцияға көтеріліп, зардап шегуі мүмкін ұсақ дала мекендеушілерін қорғау үшін, қозғалысты сезіп қоятын арнайы төмен жиілікті үріткіштер сатып алды.
Solidcore Resources кәсіпорындарында жаңартулар үнемі жүргізіліп отырады және олар қоршаған орта мен су ресурстарына түсетін жүктемені азайтатындай етіп жобаланған. Айналымды сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру және сорғыту (дренажды) суларымен және ағын суларды жауапты өңдеу есебінен, 2019 жылдан бастапқы кезеңде кәсіпорындардың технологиялық қажеттіліктеріне тұщы суды тұтыну 47% — ға төмендеді, Бақыршық және Варварин кен орындарындағы кен байыту фабрикалары технологиялық суды қоршаған ортаға шығарып тастамайды. Ал Комаровское кен орнында 2023 жылы карьер суларының сапасын бақылаудың автоматтандырылған жүйесі орнатылды, ол нақты уақыт режимінде, шығарылатын судағы ластаушы заттардың концентрациясын тексеруге мүмкіндік береді.
«Компания өзінің даму стратегиясының негізі ретінде өз қызметін жүзеге асыратын өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуды қарастырады — салық төлеп қана қоймай, сонымен қатар жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау үшін әлеуметтік бағдарламаларға, қоршаған ортаны қорғау бастамаларына инвестиция салады», — деп атап өтті «Комаров тау-кен кәсіпорны» ЖШС Басқарма Төрағасы Абдурахман Исаев.
Solidcore Resources кәсіпорындары жыл сайын өздерінің қатысу өңірлерінде әлеуметтік саланы дамытуға және қолдауға қомақты қаражат бөліп келеді. Тек өткен жылы ғана компанияның әлеуметтік инвестициялары 7,3 миллион долларды құрады. Компания қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару саласындағы жоғары стандарттарды ұстануды жалғастыруда.