ТМКҚ Кубогына арналған шағын футболдан турнир өтеді

Қазақстанда алғаш рет тау-кен және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындарының командалары арасында шағын футболдан турнир өтеді. Шахтерлер, металлургтер, кеншілер елорданың үздік футбол алаңдарында ең мықты атағы үшін, Түркиядағы еуропалық турнирге жолдама үшін күреседі.

2024 жылғы 4–5 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстанның тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары республикалық қауымдастығының (ТМКҚ) кәсіпорындары арасында шағын футболдан ТМКҚ Кубогына жарыс өтеді.

ТМКҚ Кубогы Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп және қамқорлығымен өткізіледі.

Шағын футболдан ТМКҚ Кубогының жарысы бұқаралық футбол әуесқойларының бос уақытын сапалы ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Қазақстанда бұқаралық футболды дамыту, насихаттау және танымал ету, Қазақстанның тау-кен металлургия саласының корпоративтік командалары арасында футболдан мықты командаларды айқындау мақсатында өткізіледі.

Турнир жеңімпазы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына жолдама алады, онда Еуроодақтың үздік командаларымен Еуропалық футбол лигасының  – 2024 Еурокубогы үшін таласады.

Кәсіпорын қызметкерлері – әуесқой спортшылар Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Семей, Қызылорда, Қостанай, Өскемен, Орал, Жезқазған, Ақтоғай, Балқаш қалаларынан келеді.

Спорттық жарыстардың өтетін орны – Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 13/5, «Арай» саябағының футбол алаңдары.

Турнир бағдарламасы:

4 қыркүйек, сәрсенбі            10.30 –  турнирдің ашылуы

4  қыркүйек                               11.00 – 17.30 – ойын күнтізбесі бойынша топтық матчтар

5 қыркүйек                                9.30 – 15.00 –   жартылай финалға, финалға шығу үшін ойындар

5 қыркүйек                               15.00 – 16.00 – ойындардың жабылуы, марапаттау рәсімі

Турнирге қатысушы командалар: 

  1. Қазақмыс-1
  2. Қазақмыс -2
  3. ERG
  4. Tau-Ken Samruk
  5. KazMinerals BOZSHAKOL
  6. KazMinerals
  7. Solidcore Resources
  8. Суздальский
  9. QazExpoCentre-Pipe