«Tugan Qala» жобасы Рудный тұрғындарын біріктірді
Биылғы жылы Рудныйда «Tugan Qala» жобасы қолға алынғалы бергі идеялардың рекордтық көлемі ұсынылды. Жалпы 106 жобалық ұсыныс түскен. Іріктеу және дауыс беру барысында жеңімпаздар қатарына 12 инфрақұрылымдық және 2 іс-шара жобасы дараланды. Оларды қаржыландыруға ERG 140 миллион теңгеге бағыттайды. Әкімдікте үздік идеялар авторларын марапаттау рәсімі өтті.
Туған қаладағы әлеуметтік мәселені шешу бастамасы тұрғындарды, әкімдікті және «ССКӨБ» АҚ ортақ ісе жұмылдырды. Тәжірибе көрсеткендей, бірлескен жұмыс нәтижесінде қоғамдық инфрақұрылым нысандарын құру және дамытудың тиімді жолдары бар. Биылғы жылы қатысушылар мен дауыс берушілердің саны рекорд жаңартты. Жобалау орталығына 106 ұсыныс түскен. 64 автордың 91 жобасы қажетті талаптардың сай. Идеяларды пысықтау нәтижесінде 36 жоба дауыс беруге шықты. Олардың бірегейлігі мен ұсыныс авторларының белсенді өмірлік ұстанымын марапаттау рәсімінде Рудный қаласы әкімінің орынбасары Сакен Кокишев атап айтты.
– «Tugan Qala» жобасы тұрғындарға қандай инфрақұрылым нысандарының және қай жерде салынатынын анықтауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Сакен Кокишев. – Қала тұрғындары идеяларды ұсынады, нысандардың сыртқы түрі мен функционалын жобалайды, содан кейін ең жақсы шешімдерге дауыс береді. Осылайша, қалада жаңа балалар мен спорт алаңдары, ескерткіштер, муралдар, жергілікті қауымдастықтарға арналған жабдықтар – қайық станциялары мен альпинистік алаңдар және рудныйлықтардың демалуына арналған басқа да көптеген аймақтар пайда болды.
Жобалардың тағдырын маңызды кезең – дауыс беру шешті. 2024 жылы рудныйлықтар өздерінің белсенділігімен ерекшеленді. Дауыс беруге қатысуға ниет білдіргендер саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артып, 10 мың адамға жетті. Бұл – 16 жастан асқан қала тұрғындарының жалпы санының 11%. Қатысушылардың да, дауыс берушілердің де қатарында қала құраушы кәсіпорын – ССКӨБ қызметкерлері.
– Біз өз қызметкерлеріміздің және жалпы қала тұрғындарының бастамаларын қуана қолдаймыз, — деді ССКӨБ әлеуметтік жобалар жөніндегі менеджері Мәди Қамбаров. – Бірлестіктің маңызды міндеті – Рудныйдың өркендеуіне септесу. Бастамашыл бюджеттеу тетігі тұрғындардың өздерін жергілікті деңгейдегі ең өткір әлеуметтік мәселелерді анықтауға және шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді. Бұл мәселелерді шешу – қызметкерлеріміздің әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру. ERG компаниясы да осыған ұмтылады.
«Tugan Qala» жобасы жүзеге асырылған кезеңде азаматтардың 97 бастамасы жүзеге асырты. Іске асыруға бөлінген қаражат көлемі 690 млн теңгеден асты. Тағы 12 жаңа инфрақұрылымдық және 2 іс-шаралық жоба қолданыстағы жобаларға қосылды.
Жеңімпаз жобаларды іске асыру ағымдағы 2024 жылға жоспарланған. Капитандардың бастамалары олардың үміттері мен жобалық құжаттамаларына сәйкес келуі үшін авторлық қадағалау процесіне белсенді қатысуға мүмкіндігі бар.