Түлектерге диплом табысталды
5 шілде күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетін биыл бітіріп жатқан түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті.
Бұл айтулы оқиға университетте төрт жыл білім алып, оқуын тамамдап отырған 750 студент үшін есте қаларлық кеш болды десек артық болмас.
Аталған кешке академиктер мен қоғам қайраткерлері, еліміздің білім саласына өзіндік үлесін қосқан азаматтар қатысты. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі қызметін атқарған Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінде, Қазақстанның Израильдегі, Италиядағы және Кубадағы елшісі қызметінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі болған, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы сенаторлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Әйтімова Бірғаным Сариевна, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті, академик, Алматы облысының дамуына зор үлес қосқан саяси қайраткер Баталов Амандық Ғаббасұлы, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет Байқау кеңесінің төрағасы, академик Ө. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының ғылыми жетекшісі, Қазақстан республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті Тулешов Амандық Қуатұлы, Университет ректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы және оқытушы-профессорлар құрамы мен университет әкімшілігі қатысты.
Салтанатты шара барысында Президенттік стипендия әрі қызыл диплом иегері, университеттің белсенді студенті Әлібек Айдана білім ордасына деген жылы лебізін білдірді.
«Университетіміздің бітіру кеші өте әсерлі болды. Диплом алу мен үшін оқуымның аяқталып, өмірімдегі жаңа кезеңнің басталғанын білдіретін маңызды сәт болды. Ұстаздардың құттықтауы және жақындарыммен қуанышпен бөлісу мүмкіндігі бұл күнді ерекше есте қалдырды. Университет ректорына оқу орнының өркендеуіне қосқан жетекші үлесі және мектеп бітірушілеріміздің құрметіне жылы лебіздері үшін шын жүректен алғыс айтамын», — деді түлек.
Сонымен қатар кешке келген студенттердің ата-аналары да оқу ордасына деген ізгі тілектерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.
«Балаларымыздың диплом алу салтанаты біз үшін ұмытылмас әрі әсерлі сәт болды. Біз университет ректорына және барлық ұйымдастырушыларға тамаша іс-шара үшін және балаларымызға қамқорлық жасағаны үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Балаларымыздың дипломдарын алғанын көру біз үшін нағыз мақтаныш және бақыт. Біз білім ордасының балалардың білім алу жолында көрсеткен қолдауы мен назарына алғыс айтамыз және олардың болашағы жарқын және табысты болатынына сенімдіміз», — деді студенттің анасы Майра Әжібекова.
Түлектерге диплом табыстау салтанатына сондай-ақ жұмыс беруші мекеме өкілдері де арнайы шақырылды. Олардың қатарында «IG Space» компаниясының бас директоры Андрей Журавлев, «Учет.kz» компаниясының директоры, «Күшіміз бірлікте» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Алматы кәсіпкерлері өңірлік кеңесінің төрағасы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Максим Барышев, «Seastar tourism» ЖШС-нің жетекшісі Тимур Хасенов, АССА Қазақстандағы өкілі Әсел Шкабарова, «Беккер иК» ЖШС өндіріс директоры Насима Калиева, «Жану проблемалары институты» бас директоры Рашид Надиров және Академқалашықта орналасқан «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ егіншілік және Өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы», «Зоология институты» өкілдері болды.
Салтанатты рәсімге қатысқан құрметті қонақтар түлектерге диплом табыстап, оларға сәттілік тіледі.
Жалпы салтанатты рәсімге 1000-ға жуық адам қатысты. Іс-шараға университеттің «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы», «Бағдарламалық инженерия», «Инженериядағы SMART технология», «Биохимиялық инженерия», «Экономика және бизнес», «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедралары қатысты.