Туризм саласының әлемдік көшбасшылары KOMPAS ITM–2025-те Алматыда бас қосады

23–24 сәуір күндері KITF көрмесінің аясында Бахчисарай сарайында Қазақстан туристік нарығының қатысушылары мен шетелдік серіктестер жиналатын жыл сайынғы KOMPAS ITM конференциясы өтеді. Іс-шара барысында жетекші компаниялар тәжірибе алмасып, ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды және саланың өзекті трендтеріне талдау жасайды. Конференцияжп жыл сайын 1500-ге жуық қатысушы жиналады.

 23 сәуір күні «Саяхат – стереотиптен тыс» атты шеберлік сабағы өтеді. Онда теңіз круиздері, күрделі экскурсиялық, топтық және оқиғаға негізделген турлар, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы ұйымдастырылған туризм мәселелері талқыланады.

Конференцияға 20-дан астам елден туристік компаниялар, қонақүй желілері, әуе тасымалдаушылары және ұлттық туризм кеңселерінің өкілдері қатысады. Биылғы ерекше назар – стандарттан тыс турлар мен 2025 жылдың жаңа бағыттарына бөлінеді.

KOMPAS ITM–2025 аясындағы негізгі workshop бағдарламасына Түркия, Мысыр, БАӘ, Тайланд, Вьетнам және Мальдивтен келген 80-нен астам қонақүй мен серіктестер қатысады.

Сондай-ақ, 24 сәуір күні Crystal Bay Tours қабылдаушы компаниясымен бірлесіп, KOMPAS маусымның жаңа бағыты – Вьетнамның Данаң курорты бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Бұл бағыт қазақстандық туристер үшін сәуір айының басында ашылған және тез танымал бола бастады.

Сонымен қатар, ITM аясында туристік агенттіктер арасында өтетін ең ауқымды жыл сайынғы байқау – «Туризм жұлдызы» финалы өтеді. 500-ден астам өтінімнің ішінен үш іріктеу кезеңінен кейін 50 қатысушы жартылай финалға өтті. Бір ай бойы агенттер KOMPAS Touroperator ұйымдастырған турөнімді ілгерілету бойынша арнайы оқудан өтті. Нәтижесінде, 12 үміткер Алматыда финалдық питчингке жиналады. Жеңімпаздарға туроператор атынан сыйлықтар табысталады, ал қалған финалистер KOMPAS агенттіктерді дамыту бағдарламасында қалуға мүмкіндік алады.

KOMPAS ITM–2025 – бұл туризм саласы мамандары үшін жаңа байланыстар орнатуға, нарықтағы жаңа ұсыныстармен танысуға және өңірлік әрі жаһандық туризмнің даму бағытын бірге анықтауға бірегей мүмкіндік.