Түркия суретшілерінің «Цикл: Қазіргі заманды зерттеу» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті
Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының бастамасы және Efes Art Space қолдауының арқасында Ә.Қастеев атындағы өнер музейімен стратегиялық серіктестік аясында қазіргі түрік суретшілерінің туындылары қойылған «Цикл: Қазіргі заманды зерттеу» көрмесінің ашылуы өтті.
Қазіргі білім концепциясы оны дүниені рационалды және эмоционалды қабылдаудың бірлігі ретінде қарастырады. Бұл идея Леонардо Да Винчидің «Кескіндеме туралы трактат» еңбегінде: «Көрінетін барлық нәрселерді табиғат тудырған және осы заттардан кескіндеме туды» деп жазған шығармаларында бейнеленген. Түрік суретшілері Онур Мансиз, Халил Петук және Эмин Мете Ердоған өз туындыларында ғылыми және көркемдік элементтерді біріктіре отырып, бұл тәсілді жалғастырып келеді. Олардың туындылары өнер арқылы әлемнің қазіргі жағдайын зерттей отырып, табиғат пен тарихтың қайталанбас көрінісін ұсынады.
«Көрме қазіргі заманғы суретшілердің өнерді әлемді зерттеу және түсіну құралы ретінде пайдалана отырып, Леонардо Да Винчи сияқты өткен дәуірдің ұлы шеберлерінің дәстүрлерін қалай жалғастыратынын көрсетеді. Жоба соңғы екі жылда Қазақстандағы заманауи өнерді белсенді түрде қолдап келе жатқан Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен Efes Art Space қолдауының арқасында мүмкін болды», — дейді Efes Art Space кураторы Оля Веселова.
Алматыдағы Түркия Республикасының Бас консулдығының қолдауымен өтіп жатқан көрме өнер сүйер қауымды ғылым мен шығармашылықтың өзара байланысы туралы ойлануға шақырады. Шығармашылық ынтымақтастық Түркия мен Қазақстанды өнер және шығармашылық бастамалар арқылы біріктіретін мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады. Көрмеге келушілер әлемді заманауи тақырыптарды зерттеп, өнердің жаңа түрлерін жасайтын түрік суретшілерінің көзімен көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.
Efes Art Space көптеген жылдар бойы қазақстандық суретшілер үшін түрлі жанрдағы туындыларын ұсынатын алаң қызметін атқарды. Қазір жоба жаңа деңгейге көтеріліп, көкжиегі кеңейіп, халықаралық өнерпаздарды қатысуға тартуда. Осының арқасында көрермендер мәдени диалогты байытып, шығармашылық идеялар алмасуды ынталандыра отырып, тек жергілікті ғана емес, шетелдік авторлардың да өнер туындыларымен танысуға бірегей мүмкіндік алды.
EFES Қазақстан бойынша маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Еркан Алп:
«Efes Art Space өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлауды жалғастырады. Халықаралық шығармашылық байланысты байытып, шығармашылық идеялар алмасуға ықпал ететін отандық және шетелдік авторлардың туындыларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Біз өнермен ынтымақтастығымызды қуана және мақтанышпен жалғастырамыз. Жаңа буын суретшілеріне шабыт беріп, мәдени диалог алаңын жасаймыз. Біздің жоба қолдау көрсетуге ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен шабыттың жаңа көкжиектерін аша отырып, заманауи өнерді дамытуға ұмтылады»