Түркиядан тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны қандай?!

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Түркиядан тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 210,7 млн.долларды құрады.

Қазақстан аумағындағы түрік инвесторлары тамақ өнеркәсібі мен сусындар өндірісі, денсаулық сақтау, туризм, жиһаз өндірісі және басқа да түрлі салалардағы жобаларды іске асыруда. Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі ірі түрік компаниялары: Abdi Ibrahim, YDA Holding, Yildirim Holding, Aselsan, ULKER.

  • «Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына» сәйкес 2023 жылы түрік инвесторларының қатысуымен келесі жобалар іске асырылды
  • Қостанай облысында шикізаттан қаптамаға дейін толық циклді бұршақ дақылдарын қайта өңдеу фабрикасы
  • Алматы облысында рельстерді бекіту жүйелерінің өндірісі