Үкімет С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ 9 ғылыми зерттеу институттарын қосты
Азық-түлік қауіпсіздігі, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын өркендету, экологиялық таза саясатты ұстану мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚР Үкіметінің мемлекеттік саясаттарындағы басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан өзінің 2700 000 шаршы шақырым жер көлемі бойынша дүние жүзінде 9-шы орын алады. Осылайша, біздің еліміз жер аумағы бойынша бүкіл Батыс Еуропа алып жатқан аумақпен тең. Қазақстанды мекендейтін 20 миллионға жуық халықтың 45 пайызы ауылдық жерлерде тұратындықтан, оның 2 миллионға жуығы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді.
Қазақстан жерінің 75 пайызы ауыл шаруашылығына жарамды болса да, оның 30 пайызы ғана ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады. Соған қарамастан, Қазақстан астық өндіру бойынша, әлемдегі 10 көшбасшы елдің қатарына енеді.
Алдағы уақытты ҚР Үкіметі ауыл шаруашылығын одан әрі дамытып, оны ұлттық экономиканың басты драйверіне айналдыруды көздеуде. Ондағы мақсат – Қазақстанды азық-түлікті экспорттау бойынша жетекші елге айналдыру. Сондықтан, академиялық білім, бизнес пен өнеркәсіп арасындағы алшақтықтарды жою мақсатында технологиялық инновациялар мен қолданбалы зерттеулерге назар аударылады. Бұл ретте университеттер Қазақстан Үкіметінің модернизациялық стратегиясының негізгі саласы болмақ.
Елодамыз, Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚазАТЗУ) Қазақстанның 3 үздік университеттерінің қатарына кіреді.
1957 жылы құрылған ҚазATЗУ-нің тоғыз факультетінде және 9 ғылыми-зерттеу мекемесінде 12000 студент пен 860 оқытушы бар. Университет 1960 жылдардан бастап ауылшаруашылығы салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша көрнекті әрі уақыттың өзі мойындаған көшбасшы. Мұнда өсімдік шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, агрохимия және топырақтану, өсімдіктерді қорғау; микробиология, ветеринария және мал шаруашылығы; өсімдіктер мен жануарлардың биотехнологиясы; жерге орналастыру, сәулет және дизайн, ауыл шаруашылығын механикаландыру мен электрлендіру, сондай-ақ басқа да экономикалық және гуманитарлық бағыттар бар.
ҚазATЗУ жұмыс істейтін ғалымдардың зерттеулері мен ғылыми-техникалық инновациялары Кеңес Одағын супердержаваға айналдыруда және азық-түлік өндірісінде ауыл шаруашылық техникасында энергетика мен экологияда, биотехнологияда және басқа да салаларда ерекше роль атқарған.
Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бері озық ғылыми зерттеу шешімдері мен технологиялық инновациялары арқылы С.Сейфуллин атындағы ҚазATЗУ Орта Азия мемлекеттері арасында экономикалық өсудің, ғылыми инновациялардың және инфрақұрылымдық дамудың қозғаушы күші болып табылады.
Астана — өзінің заманауи және бірегей сәулетімен, қала құрылымымен әлемге танымал қала. Бұл ретте ҚазATЗУ сәулет департаменті Елорданың негізгі құрлыс нысандарындағы сәулеттендіру және жобалау жұмыстарында өзінің айшықты қолтаңбасын қалдыра білді. Бұл бағытта айтарлықтай басымдылыққа ие.
С.Сейфуллин атындағы ҚазATЗУ осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктері мен ғылыми-зерттеу ортасындағы беделін ескере отырып, ҚР Үкіметі республика аумағындағы 6 ұлттық ғылыми-зерттеу институттарын ҚазATЗУ құрамына берді. Еліміздің түпкір-түпкіріндегі бұл ғылыми-зерттеу институттары бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында болып, еліміздің ұлттық ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығының аясында жұмыс істеген еді. Бүгінде бұл орталық жабылып, оның құрамындағы мекемелер университеттерге таратылды. Бұл шара – білім беру, зерттеу мен өндірістің арасына берік байланыс орнатуды мақсат етеді.
Бұған дейін ҚазATЗУ құрамында 3 ғылыми зерттеу институттары болған. Енді Үкімет тағы 6 ғылыми-зерттеу институттарын қосқанда, ҚазATЗУ өз құрамында 9 ғылыми – зерттеу институттары бар іргелі ғылым ордасына айналмақ. Бұл С.Сейфуллин атындағы ҚазATЗУ болашағы мен оның академиялық беделіне көрсетілген үлкен сенімнің белгісі.
Университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстардың аясының осылайша кеңеюі С.Сейфуллин атындағы ҚазATЗУ елімізде «Білім қоғамын» құрып, Еуразия құрлығы мен әлемнің өзге де аймақтарында білім көкжиегін кеңейтетін көпірлерді орната отырып, тәжірибе алмасу арқылы жаһандық деңгейге көтерілуге мүмкіндік береді. Ал, ҚазATЗУ өз кезегінде ғалымдар мен студенттердің ғылыми жаңалықтарын пайдалана отырып, қауіпсіз азық-түлік пен ауыл шаруашылығының өзге де салаларындағы ізденістерін тұрақты дамыта отырып, білім мен тәжірибені жетілдіруді басты мақсат тұтады.
Бұл ретте С.Сейфуллин атындағы ҚазATЗУ Басқарма төрағасы-ректоры Қ.М.Тіреуов университетті бірлескен пәнаралық зерттеулер, академиялық алмасулар мен жергілікті серіктестер арқылы әлемдік деңгейге шығарып, ғылыми зерттеу, инновациялар мен технологиялардың жаһандық хабы ретінде нығайтуды жоспарап отыр. Мұның ұлттық және жаһандық экономикада алар орны зор болады деп күтілуде.
«2030 жылға қарай ҚазATЗУ жаһандық білім беруде, озық зерттеулер мен жаһандық және ұлттық сын-қатерлерге төтеп беріп, ғылыми-техникалық шешімдерді ұсына алатын әлемдегі ең ірі кәсіби зерттеу университеттерінің бірі болады»,- деп сенім білдірді академик Қ.М.Тіреуов