«Ұлттық аспаптар» музыкалық фестивалі

Қоғамдық даму орталығының бастамасымен «Ұлттық аспаптар» музыкалық фестивалі» жобасы үш кезеңмен жүзеге асырылды.
Жобаның басты мақсаты – қазақ халқының көне, ұмытылып бара жатқан музыкалық аспаптарын жаңғырту, насихаттау және жастардың ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.
Аталған жоба арқылы ұлттық мұрамызға жаңа серпін беріліп, ұмыт қалған аспаптар қайта жаңғырды. Әсіресе, жастар мен балалардың қазақ музыкасына деген қызығушылығы ерекше байқалды. Фестивальге қаламыздың талантты орындаушылары мен қолөнер шеберлері қатысты. Қатысушылар тек өнер көрсетіп қана қоймай, ұлттық аспаптардың жасалу техникасымен танысып, көне мұраның қадір-қасиетін терең сезінді. Әрбір іс-шара көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлттық бірегейлікті нығайтуға үлес қосты.
Жобаның маңыздылығы – тек музыкалық бағытпен шектелмей, ұлттық сана мен тарихи танымды қалыптастыруға ықпал етуінде. Осындай кешенді шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында өз мәдениетіне деген мақтаныш сезімі қалыптасады. Бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрлі музыка әлемінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Фестиваль аясында орындаушылар байқауы, көрмелер мен экскурсиялар және ұлттық аспап жасау шеберлерінің тәжірибелік сабақтары ұйымдастырылды. Соңғы кезеңде байқау жеңімпаздары көне саз аспаптармен өнер көрсетіп, олардың тарихы мен үнін жаңа буынға жеткізуге атсалысып, марапаттарға ие болды.