Ұлттық госпитальдің травматологтары 102 жастағы пациенттің жамбас сүйегін салды

Зейнеп Әбілжанова жамбас сүйегінің сынығымен ауруханаға түскен. Бұрын бұл зейнеткерлер үшін өте қиын жағдай болатын. Бірақ қазір травматологтар барлығын, тіпті қарт адамдарды да аяғынан тұрғызады.
«Операция науқаста ілеспе диагнозы болған соң күрделі болды. Операция алдындағы дайындық жүргізіп, оны емдеуге тура келді,» — деді травматолог Айбек Дәуріжан. Нәтижесінде жамбас сүйегін салу операциясы сәтті өтті, келесі күні Зейнеп апа өзі отырды.
Әйел өзінің егде тартқандығына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанған. Еңбек майданының ардагері, алдымен Шу қаласында, содан кейін Алматыда жұмыс істеген. Алты бала өсіріп, немере- шөбере сүйіп отыр. Жүз жасқа жетуге оған оптимизм, өмірге деген сүйіспеншілік және еңбекқорлық көмектескен.
Telegram-канал: Ұлттық госпитальдің травматологтары 102 жастағы пациенттің жамбас сүйегін салды