Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты өтті

Абай облысында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Бұл лига – оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спорттық шеберліктерін арттыруға бағытталған маңызды жарыс.

Жарыс тоғыз спорт түрі бойынша өтеді: футбол, волейбол, шахмат, баскетбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, футзал, тоғызқұмалақ және асық ату (бес асық). Іс-шараға облыстың қала және аудандарынан іріктелген 150 үздік спортшы қатысты.

Ұлттық мектеп лигасының басты мақсаты – оқушылар арасында спорттық мәдениетті дамыту, командалық рухты нығайту.

Облыстық кезең 20 қаңтар мен 30 сәуір аралығында өтсе, республикалық кезең сәуір-маусым айларында ұйымдастырылады. Жарыстар 5-6, 7-8 және 9-11-сыныптар арасында өткізілмек.

Ұлттық мектеп лигасы – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, болашақ чемпиондарға жол ашатын маңызды алаң.

Абай облысы ББ баспасөз қызметі