Ұлытау облысындағы ЖШС су тасқынының алдын алу бойынша орындалмаған жұмыстар үшін қаражат алды
Қаржылық мониторинг агенттігі облыстық прокуратураның үйлестіруімен Ұылаудағы ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Аталған ЖШС көктемгі су тасқыны кезінде жақын маңдағы аумақтарды шайылып кетуден қорғау үшін ұзындығы 2 км Жезді өзеніне санация жүргізу үшін жалпы сомасы 485,5 млн теңгеге мемлекеттік мекемемен шарт жасасқан.
Алайда, жобаны іске асырудың бақылау өлшемімен мердігер жалпы сомасы 282,5 млн теңгеге жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын нақты орындамағаны анықталды.
Сол сәтте жоғарыда аталған жұмыстардың болмау жағдайында ЖШС атына орындалған жұмыстар актілеріне сәйкес 400 млн теңге аударған.
Аталған әрекеттердің салдарынан 26 үй су астында қалып, 174 адам эвакуацияланды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге де ақпарат таратылуға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.